Балалар құқығын қорғау және ата –аналардың міндеттері
Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы, барлық әлеументік тіршіліктің тірегі. Ол ұлт болып қалыптасудың бірден-бір негізі. Отбасы бақытының басты шарттарының бірі- өсіп келе жатқан жас ұрпақта.
Ата-аналар өздерінің кәмлеттік жасқа толмаған және көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмлеттік жасқа толмаған балаларын асырауға міндетті.
Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен өздерінің міндеттерін орындауын заңды тұрғыда қарайтын болсақ, балалар кәмлеттік жасқа толғанша ата-аналық құқықтарға мыналар жатады: баласын тәрбиелеу оның денсаулығына қамқор болу, балаларының орта дәрежелі білім алуы, олардың мүддесінің өкілі болу және қорғау, басқа адамнан баласын қайтарып алуды талап ету, баласын асырап алуға келісім беру немесе бермеу, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, ҚР Азаматтық кодексінің 22-бабының 2 бөлімінде аталған мәмілелерден басқа, мәміле жасауға келісім беру, осы жасоспірімдердің өздерінің еңбек табыстарын, стипендиясын, басқада табыстарын және олардың интеллектуалдық меншік объектілерін т с.с. өз еркімен басқаруын шектеу немесе одан айыру туралы өтініш беру құқықтары жататынын түсінгені жөн.
Неке және отбасы заңының 60 бабында көрсетілгендей әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар, сондай-ақ неке және отбасы заңының 67 бабына сәйкес, баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделелерін қорғауды ата-анасы /олардың орындағы адамдар/ ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
Егерде ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмлетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаса, ол жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127- бабының 1 бөлімімен он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал 2 бөлігі бойынша осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет үшін он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілік жазаға тартылады. Ал осы кодекстің 442 бап бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға және айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы қолданған жазалар нәтиже бермесе, сот тәртібімен бұндай ата-аналарға ата-аналық құқықтарын шектеу, одан әрі айырылу қолдануы мүмкін.
Отбасының бақытының басты шарттарының бірі - өсіп келе жатқан жас балаларда, халқымыздың жарқын келешегін жалғастыратын жас ұрпақта.
Казталов ауданының №2 ші сотының
кеңсе меңгерушісі Айгүл Бисенова
[xfvalue_img]