Мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мәселелері
Мұғалжар аудандық сотында онлайн-режимінде «Мемлекеттік тілді қолдану және дамыту мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Шараға Мұғалжар аудандық сотының судьясы Р.Б.Кустанов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудан әкімі аппаратының өкілдері қатысты.
Шара барысында судья Р.Б.Кустанов өз сөзінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, соттардағы іс жүргізу мемлекеттік тілде іске асырылатындығы туралы айтты.
Мұғалжар аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің басшысы С.А.Хамзина ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2021-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы барысында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен дамыту бойынша бірнеше байқаулар мен тақырыптық сағаттар, дөнгелек үстелдер ұйымдастырылып жатқанын айтты.
[xfvalue_img]