Банк дауы бітімгершілік жолмен шешілді
Талапкер жауапкерге кредиттік шарт бойынша қалыптасқан берешекті өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді.
Шарт шұғыл, ақылы және қайтарылатын талаптар қойыла отырып жасалды, міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін берешек қалыптасты, жауапкер оны өндіріп алуды сұраған.
Істі сот талқылауына дайындау сатысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізді және келісімді ұсынды, оны бекітуді және іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Келісімде практикада жауапкердің қаржылық мүмкіндіктері ескерілген қарызды өтеудің жаңа кестесі бекітілді.
«Медиация туралы» Заңның 27-бабының 5-тармағына сәйкес дауды реттеу туралы келісімді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен бекітеді.
АПК-нің 277-бабының 6-бөлігіне сәйкес, сот тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау бойынша сотқа екінші рет жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілді.
Төленген мемлекеттік баж банкке қайтарылды.
Лейла Зинашева
Сарыарқа аудандық сотының судьясы
[xfvalue_img]