Сот отырысында ­– озық технология

Сот отырысында ­– озық технология

Қазір өңірдегі  сот мәжіліс залдарының барлығы толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Соның арқасында қағазбастылық азайып, құжат айналымы қысқарып отыр. Бұл Ұлт жоспарының орындалған 20-шы нақты қадамы.

           Бүгінде барлық сот залдарында  бейнекамера орнатылған. Бұл кез келген сот отырысының ашық, әрі барынша әділ өтуіне ықпал етеді. Ал, бейне және аудиотаспаға жазуды тоқтатуға, материалдарды редакциялауға ешкімнің құқығы жоқ. Жазылған және түсірілген материал бірден Жоғарғы соттың серверіне түседі. Кейін дискке жазылып, іс папкасына тігіледі. Бұл жұмысты оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырды. Ұлт жоспарында көрсетілген 20-нақты қадамның орындалуы сот мәжілісінде судьялардың да, сотқа қатысушылардың да тәртіп сақтауына ықпалын тигізді. Сот процесі аяқталысымен, сот отырысын толық көріп шығуға болады. Айта кету керек, қазір бейнебайланыс арқылы онлайн режимде сот мәжілісіне қатысып, сот төрелігін қашықтықтан жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Бейнеконференция байланысын  пайдаланудағы негізгі мақсат процессуалдық істерді қарау мерзімдерін сақтау және азайту, сонымен бірге талапкер не олардың жақтастары, сонымен қатар куәгерлер, эксперттер, мамандар, аудармашылар белгілі бір себептермен  сот отырысына келе алмауына байланысты бейнеконференция байланысымен қатысуы мүмкіндігі туады. Бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты пен жолға кететін қаражатын үнемдеп, жемқорлыққа жол бермеуіне септігін тигізеді.

         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио, бейнежазбаға қол жеткізу туралы» қағидаларына сай сот отырыстарын аудио, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады. Сот отырысында озық технологияларды қолдану тараптардың сотқа деген сенімін арттыра түсіреді, сонымен қатар, олардың өздерін сотта дұрыс, мәдениетті ұстауына ықпал етеді. Тараптардың өтініші бойынша сот отырысының жазбасымен сотта танысу мүмкіндігі бар немесе сот отырысы аудио, бейнежазбасының көшірмесін сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде береді.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы           

Жумин Қуаныш

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.