Сот актілері қатаң бақылауда

Сот актілері қатаң бақылауда

Сот актілерінің орындалуын Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қатаң бақылайды.

Атап айтқанда қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындар, жәбірленушілерге өтемақы қорына қаржы өндіру, заттай дәлелдемелердің жойылу, іске қатысты дәлелдемелердің қолхат арқылы иелеріне қайтарылу жұмысы соңына дейін жеткізіліп, істің мұрағатқа өткізілуі үнемі бақылануда.

Қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындар мен мемлекет пайдасына өндіру, қылмыстық істер бойынша, көбінесе, айыппұлдарды өндіру істері назарда.

Әрине, сотталушылардың, құқықбұзушылардың процессуалдық шығындар, жәбірленушілерге өтемақыны өндіру, айыппұлдарды уақытылы төлеу кешіктіріледі, алайда сот актісін орындау қажеттігінен  істерді аяғына дейін жеткізіп мұрағатқа өткізу өндірістік жұмыстардың бірі.

Сот шығарған актіні заңды тұлғалардың орындау міндеттілігі ҚР Конституциясының 76-бабында, сондай-ақ ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларында көрсетілген.

Сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылады.

Мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиіділігін көрсетеді, сот шешімінің толық әрі уақытылы орындалуы сот билігінің беделін ғана  емес, сонымен бірге мемлекеттің мәртебесін де айқындайды.

Аудандық сот жеке сот орындаушыларға, аудандық полиция бөліміне ай сайын сот актісінің орындалуының қажеттігі туралы еске салу хаттарды жіберіп, мәлімет ретінде жоғары тұрған басшылыққа жолдайды.

Осындай тәртіппен сот актілерінің орындалуын тездету жұмыстары жүргізілуде. Бұл ‑ өндірістік жұмыстың негізгі тәсілдерінің бірі.

Сот актілерінің орындалуы бойынша жұмыс атқаратын жеке сот орындаушыларымен үнемі жиналыстар өткізіліп, осы мәселеге қатысты пікір алмасулар болып, ұсыныстар жасалады.

Осы бағытта жұмыстар одан әрі де өз жалғасын таба береді. 

Жасұлан Оңдаған 

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы                                                               

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.