ДАУДЫ ШЕШУДІҢ  ПАЙДАЛЫ ӘДІСІ.

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ПАЙДАЛЫ ӘДІСІ.

Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни екі тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілетін келіссөз рәсімі. Бейтарап медиаторды тарту арқылы келісімге келу жолымен уағдаластырылатын рәсім. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған. Медиация тәсілін Америка, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Австрия сынды әлемнің алпауыт елдері ертеректен бері қолданып келеді. Бітімге келу, татуласу, бір-біріне кешірім жасау тәжірибелерінің біздің ұлтымыздың өткен тарихи тірлігінде бар болғаны бәрімізге аян. Қаймағы бұзылмаған, халқымыздың бірлігі жарасқан заманда, шыңыраулы түрме ұстамаған қазақ қоғамындағы неше түрлі даулы мәселелерді, екі ауыз сөзбен ғана шешкен дуалы ауыз билер болғанын тарихтан жақсы білеміз. Міне, енді «Медиация туралы» заң қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік, ұмытыла бастаған жақсы салт-дәстүрін қалпына келтіруге жасалған игі қадам десекте болады. Елімізде, осындай өміршеңдік тәжірибе негізінде, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы Елбасымызбен қабылданып, 2011 жылдың 5 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді. Медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі. «Медиация туралы» заңға қол қойылуы және осы заңға байланысты елімізде жақын арада дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде медиация тәсілі енгізілуінің басты  мақсаты, қылмыстық және азаматтық істер бойынша дауларды қарайтын судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Үлкен өмірлік тәжірибесі, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан азаматтар, отставкадағы судьялар, прокурорлар медиатор бола алады. Басты қағида еріктілік және медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы. Кез келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді (медиация) жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгінуіне болады.Медиатордың негізгі міндеті – екі тарапты татуластырып, бітістіру, яғни талапкер мен жауапкер өзара келісімдері арқылы мәміле жасауы.  Медиатор - келіссөздердің тиімді жүргізілуіне кө­мектеседі және оларды қажетті арнаға бұруға жол сілтейді. Бұл әдістегі ең маңыздысы, өзінің бейтараптығының арқасында медиатор даудың мән-жайын әділ бағалап, проблеманың оңтайлы шешімін табуына таразы бола алады. Ал, тараптар келісімге қол жеткізген жағдайда, медиа­ция даулы ахуалды шешетін жазбаша шарт (медиациялық келісім) жасаумен аяқталады. Бұл заң халыққа өте қолайлы, әрі тиімді, сот және құқық қорғау органдарының жұмыс барысына көп жеңілдіктер әкеледі.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының судьясы А.Каиров

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.