«Бастау» жұмыс тобымен онлайн кездесу

«Бастау» жұмыс тобымен онлайн кездесу

            Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратында, Ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, судья Т.С.Сұлтанова, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі комиссияның хатшысы З.М.Тургынова, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеументтік көмек көрсету орталығы КММ-ның директоры Ж.Д.Калыбекова, Жамбыл облысының Полиция департаментінің, қалалық, аудандық әкімдігінің, білім бөлімінің және іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, «Бастау» жұмыс тобының басшыларының қатысуларымен «Бастау» топтары жұмыстарының тиімділігі мен мәселелері бойынша «Zoom» арқылы онлайн кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев азаматтық істер бойынша сотқа дейін тараптарды татуластыру мақсатында және оларға  ресурстық қолдау көрсету үшін сот ұйғарымдарын «Бастау» жұмыс тобына  жолданғанын, осы жұмыс тобының және сот-медиаторларының тараптармен қандай жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы қатысушылардың назарына жеткізді. Сонымен қатар, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында отбасы мәселесі бойынша құрылған жұмыс тобының жұмысы туралы ұсыныс енгізді.

Ал, судья Т.С.Сұлтанова «Отбасылық сот» жобасы шеңберінде кәмелетке толмаған балаларға қатысты даулар бойынша сотпен әзірленген «Бастау» тобы жұмысының алгаритімін ұсынды және іс-шараға қатысушылар  ұсынған ресурстық топтың жұмысын түзету жөніндегі ұсыныстарды талқылауға дайын екендігін айтып өтті.

Іс-шара барысында Жамбыл облыстық Полиция департаментінің өкілі мен Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеументтік көмек көрсету орталығы КММ-ның директоры Ж.Д.Калыбекова «Бастау» жұмыс тобы бойынша өз пікірлерін білдірді.

Іс-шарада Меркі, Қордай, Жамбыл аудандарының «Бастау» жұмыс тобының басшылары тыңдады.

Іс-шара соңында қатысушылар қойған сұрақтарына жауап алды және осы жобаны іске асырылуына және алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдіріп, өзара пікір алмасты.

  Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.