Мемлекеттік қызмет  – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі аса маңызды екендігін көрсетіп отыр.

Сондықтан, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев заманауи, стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыратын мемлекеттік аппаратты құру мәселесін назарынан тыс қалдырған емес. Бұл орайда, бірінші кезекте Елбасының бастамасымен көлемді әрі тиімсіз басқарудың әкімшілік тобы оңтайландырылып, тәуелсіз Қазақстанның жаңа жағдайындағы саяси бағытын сапалы жүзеге асыра алатын мемлекеттік аппарат құру бағытында жұмыс жүргізіле бастады.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметінің институциялануының бастамасы ретінде 1995 жылы қабылданған заңдық күші бар «Мемлекеттік қызмет туралы» Елбасы Жарлығын атап өтуге болады. Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған елдердің ішінде сол кездері мұндай инновациялық құжат қабылдаған алғашқы мемлекет Қазақстан болды. Бұл қадам мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын нығайтып, дамуының негізіне айналды.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесінде оқытудың инфраструктурасы қалыптастырылған, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, өңірлік қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары және тағы басқа білім беру мекемелері енеді. Жыл сайын орта есеппен қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі оқытылады, нәтижесінде үш жыл сайын мемлекеттік қызметшілер жүз пайыз оқыту курстарымен қамтамасыз етіледі.

Жаңа ғасырда – Қазақстанның алдында мықты экономика, саяси және әлеуметтік жүйені қалыптастыру бойынша жаңа міндеттер тұрды. Ол үшін қоғам сұраныстарына, заман талабына жауап беретін мемлекеттік қызмет моделін құру қажет болды.

Меритократия, тиімділік пен нәтижелік, транспаренттілік пен қоғам алдында есеп беру ұстанымдарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуын 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қамтамасыз етті. Аталған Заңға сәйкес, елдің бірыңғай кадрлық саясаты айқындалды, ал ең бастысы міндетті конкурстық іріктеуді енгізу арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметке түсудегі тең қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша Конституциялық құқықтары жүзеге асырыла бастады.

Мемлекеттік қызмет жүйесін­де­гі мансапты жоспарлау маңыз­ды­лығын тиісті бағаламау бас­қа­ру­шылық аппараттың сапасына кері әсерін тигізеді. Мемлекеттік қыз­метшілердің лауазымдық өсуі үдерісінің бей-берекетсіздігі «өз командасы» деген құбылысқа әке­ліп соғады, атап айтқанда, бұл –мем­лекеттік органға жаңа басшыны тағайындаған кезде оның бұрынғы жұ­мыс орнынан өзімен бірге еріп келген әріптестері есебінен өзінің жеке қалауын басшылыққа ала оты­рып, аппаратты түбегейлі түрде жаңартуы.

Бей-берекет лауазымдық ауы­сулар мемлекеттік қызмет­ші­лердің еңбегі мен оның кәсіби қайтарымын ынталандыруға, мемлекеттік органдарда лайықты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға мүмкіндік туғыз­бай­ды. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің мансабын дамытуды басқарудың қазіргі заманғы технологиялары олардың кәсіби дамуын ынталандыру, әрбір ма­манның қабілетін толыққанды ашып көрсету жүйесін құруға негізделуі тиіс.

Атап өту керек, тәжірибеде мансаптық жоспарлау қағидалары әзірге лайықты түрде тарамаған. Заңды түрде бекітілген көптеген кадр технологияларын қолдану нәтижелері (кадр резерві, кон­курстық іріктеу, ротация, аттестация және қызметкерлерді бағалау) мансапты басқару үдерістерінде толық көлемде пайдаланылмайды. Мемлекеттік органдардың кадр қызметтері штат санының аздығы, персоналды басқару жөніндегі қызметкерлері біліктілігінің же­тімсіздігі, тиісті нормативтік базаның жетілмегендігі секілді бірқатар себептерге байланысты мемлекеттік қызметшілердің мансабын басқару мәселелерімен мақ­сатты түрде айналыса алмайды, персоналды іріктеу мен бағалауға, оның біліктілігін арттыруға тиісті назар аудармайды.

Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тәрбиелеу керек.

Осылайша, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің қызмет сатысы бойынша әділ түрде өсуін қамтамасыз ететін толыққанды тетіктің жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық база құруға барлық қажетті шаралар қабылданған.

«Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»- деген Елбасының сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс деп білемін.

БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынын бас маманы Е.М.Каримгалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.