Теріс қылығы үшін жауапқа тартылды
Жаңақала аудандық сотында Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.
Ж., өзі тұратын тұрғын үйде жалпы салмағы - 26,64 грамм кептірілген марихуананы 0,5 л термос шәйнектің ішіне салып, ауласының ішінде иттің үйшігінде сақтаған. Сотталушы Ж. өзінің тұрғын жайында алдағы уақытта есiрткi шөбі «марихуана» өткізу мақсатынсыз қылмыстық ниетімен матаға оралған есірткі заты яғни, кептірілген «марихуананы» заңсыз сақтаған. Жаңақала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жумыс барысында ұсталған.
Сотталушы Ж.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекеті өз кінәсін мойындауымен қатар, іс бойынша жиналған дәлелдердің жиынтығымен, атап айтқанда, полиция қызметкерінің баянатымен, оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, есірткі заттарын алу хаттамасымен, күдікті ретінде Ж.-дан жауап алу хаттамасымен толық дәлелін табады. Сотталушының әрекеті құқық қорғау органдарымен ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен, яғни, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау белгілерімен дұрыс сараланған.
Сот, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, қылмыстық теріс қылық жасауда кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартуға үкім шығарады.
Сотталғанның тәртібі мен қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды Жаңақала аудандық пробация қызметіне жүктеді. Үкім заңды күшіне енді.
Г.Әбдіғалиқызы, бас маман.
[xfvalue_img]