Сот жұмысқа орналасу фактісін анықтады
Заңдық маңызы бар фактіні анықтау үшін арызданушы сотқа жүгінеді. Өз өтінішінде ол зейнеткерлік жасы бойынша зейнетақы алатынын көрсеткен, алайда оны есептегенде оның 9 жылға жуық еңбек өтілі ескерілмеген. Өтініш беруші өзінің жұмыс істеген жерінде өрт болып, нәтижесінде барлық есептік құжаттар, соның ішінде жалақы есептелетін және бұйрық кітапшаларының жойылғанын көрсеткен. Сонымен қатар, оның осы кезеңде жұмыс істеген фактісін оның қызметкерлері растауы мүмкін деген. Осыны ескере отырып, өтініш беруші еңбек өтілін есепке алу және қарттық бойынша зейнетақыны қайта есептеу үшін оның жұмысының осы кезеңін белгілеуді сұрады.
Сот арыз берушінің талаптарын дәлелділігі мен талаптарының негізділігіне сүйене отырып арызды қанағаттандырды.
Сондай-ақ, сот мұндай маңызы бар фактілерді соттан тыс жолмен анықтау мүмкін еместігін және оларды растайтын бастапқы құжаттар сақталмағанын ескерді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
15 пікір