Конституцияның қоғамдағы ролі

Конституцияның қоғамдағы ролі

 Контституция деген термин латын сөзінен алынған- құрылыс деген мағынаны білдіреді екен. Конституция- ең жоғарғы негізгі Заң.

Конституцияның қоғамдағы ролі- Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негізін қалайды. Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, референдум арқылы, парламенттік дауыс беру арқылы шешу Конституциямызда бекітілген.

 Қазақстан Республикасы  Конституциясынның қабылдау қажеттілігінің өзіндік тарихы бар. Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1993 жылдың 28 қаңтарында Жаңа Конституция қабылданды. Алайда бұл Конституция заңгерлердің, саясаттанышылардың пайымдауы бойынша олқылылқтары көп болды. Бұл кезде елімізде экономикалық дағдарыс жүріп жатты. Сол кездегі Конституция осы дағдарысты жоятын, әлеуметтік қайшылықтарды жеңе алатын атқарушылық билікті көздемеді.

Бұл жөнінде, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев 1995 жылы өткізіліген Қазақстан Халықтық Ассамблеясының 1 сессиясында айта келіп, нақты Конституциялық реформаны іске асыру қажеттігінің туындағанын атап өтті.

Бір сөзбен айтқанда, 1993 жылы қабылданған Конституция мәтіні қайта құруларды қажет етті. Бұл нормалар жүзеге асырыла бастады. Сонымен парламенттік дағдарыс болып, 1995 жылдың көктемінде Үкіметтің орнынан түсуі жаңа Конституция қабылдауға әкелді.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Қазақстан Республикасының Президентi ұсынып, оны халық 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылдады. 

Жаңа Конституция бойынша президенттік билік күшейіп Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесі құрылды. Прокуратура, құқықтық қорғау органдары қайта құрылды. Конституциялық Кеңес құрылды, қос палаталы Парламент қалыптасып, парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республикадағы ең жоғарғы өқілді орган болды. Аталған қайта құрылулар – конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты жүргізілетін және жетілдірілетін болды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы  баршаның халықтық мемлекеттің негізгі заңы ретінде танылды.

 Қазіргі таңда сот жүйесінде болып жатқан реформалар ең алдымен сот жүйесіне деген халықтың сенімін нығайтуға бағытталған.

Сот саласында жасалып жатқан реформаларға сәйкес Сот жүйесінің сатылары аз болған сайын, әр істің соңына жету уақыты да тез болады.Сот жүйесінің реформалары, дамыған 30 елдің  қатарына қосылу бағдарламасына сәйкес, алдыңғы қатарлы әлемдік соттардың тәжірибесін ескере отырып реформалар жасалып жатыр.

Осындай ірі реформалардың жетістіктердің бірі елімізде  Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің қабылданып, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуі, жаңа әкімшілік соттың өз жұмысын бастауы болып отыр. 

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген.

 Жаңа кодекс халық үніне құлақ асатын мемлекеттік құралдардың бірі болып саналады. Кодекстің негізгі мақсаты мемлекеттік әкімшілік органдармен қарым-қатынастарда азаматтардың жаңа құқықтық кепілдіктерін, заңды мүдделерін жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда екі ай көлемінде әкімшілік сот ашық, тез және сапалы қызмет көрсету форматында барлық күш-жігерін жұмсап өз қызметін атқарып жатыр. Әкімшілік соттың ең негізгі міндеттерінің бірі: соттың белсенді ролі, татуластыру рәсімдері. Атап айтқанда Әкімшілік сот істі соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Яғни, сот процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, олар ұсынған дәлелдермен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді, құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қазіргі таңда  624 әкімшілік талап арыздар түсіп, соның ішінде    37  іс бойынша шешім шығарылып, 14 істер бойынша татуласу рәсімдері жүргізілген. Осы екі ай ішінде интернет ресурстарында әкімшілік соттың іс жүргізу әрекеттеріне тараптар тарапынан тек қана жақсы пікірлер, алғыстар білдіру туралы ақпараттар жариялануда.

Халық пікірі — әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жаңа деңгейде қорғаудың жүзеге асырылып жатқанына дәлел. Егер халық сот әділдігіне сенім артса, онда Конституцияның үстемдігі жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. 

Бағдагүл Бияхметова 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының судьясы                                       

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.