Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар

Заман көшімен бірге сот жүйесінің де дамуы көз алдымызда. Бүгінде елімізде сотқа қашықтықтан немесе ғаламтор арқылы қатысу, үйден шықпай-ақ өз ісіңді кез келген сатыда, құжаттарыңның қабылдануынан бастап мерзімінде орындалуына дейін бақылап отыруға болады.

Жаңа заман талаптары сот үшін үлкен көмек, өйткені IT-технологиялар жұмысты тез, әрі сапалы атқаруға себеп, ал азаматтар үшін сот төрелігіне қолжетімділікті арттырып, оның ашықтығын айқындай түседі, уақыт пен қаражатты үнемдейді. 

Ашықтықтың жарқын үлгісі – «Сот кабинеті» сервисі. Жеке және заңды тұлғалар кез-келген уақытта онлайн-режимде интернет-сервисі арқылы талап арыздарын, шағымдар мен өтініштерін жолдай алады. «Сот кабинетінде» тіркелген тұлға электронды құжатты жолдау сервисінің қолданушысына айналады. Бүгінгі таңда сотқа құжаттарды электронды түрде жолдау – сот жүйесінің жеткен жетістігінің бірі. Әр құжат электронды құжаттарды жөнелту жүйесіне жеке-жеке жүктелу арқылы жолданады. Тек файлдар саны сотқа жолданатын құжаттар санымен сәйкес келуі керек. Файлдар жүктелгеннен кейін пайдаланушы енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, оны түзету мүмкіндігі де бар. Электронды сандық қолтаңба арқылы қол қойылғаннан кейін электронды құжат Қазақстан Республикасының сот органдарының ақпараттық жүйесіне түседі.  Құжаттардың жөнелтілгендігіне ретінде тіркеу талоны дәлел. Қабылданбаған жағдайда, қажетті құжаттарды қосып «Қосымша құжаттарды жолдау» тетігі арқылы кері жолдауға болады. Әр жолданатын құжаттың көлемі 10 МВ аспаса болғаны.

Сот кабинетіне кіру арқылы сот қатысушы әр тұлға сотпен жүргізілген бейне-дыбыстық жазбамен танысу мүмкіндігі де бар. Осы арқылы сот өндірісінің түгелімен  ашықтығын айқын аңғару қиын емес. Бұл өз кезегінде қандай да бір процессуалдық құқық бұзушылықтарға жол бермейді.

Сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық «Төрелік» жүйесі өз кезегінде автоматты түрде есеп жүргізіп, талап арыздар, шағымдар мен өтініштердің қаралуы мен мерзімдерінің сақталуын бақылауда берілген зор мүмкіндік. Ол арқылы сот судьялары мен қызметкерлері барлық өкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық базасына қол жетікізе алады. Бұл өз кезегінде жұмысты едәуір жеңілдетеді. Өйткені қажетті ақпарат үшін сұраныс хат жіберіп жатудың қажеттілігі болмайды.

Осылайша цифрлық технология дамыған заманда құжат айналымның онлайн жүйесі қай салада болмасын өзінің ыңғайлығымен, дербестігімен айқындала түсуде.

Фазила Танатова

Орал қаласының №2 соты кеңсенің меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.