Сыбайлас жемқорлық – әдепсіздік тәртіп.
Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе. Бұл мәселеге тереңірек ойланатын болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлт қауіпсіздігіне үлкен зиянын тигізеді. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сондықтан осы келеңсіз құбылыспен күресу барша қазақ халқының алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Сыбайлас жемқорлық өте кең мағынаға ие әдепсіздік тәртіпті білдіреді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық - бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдаланып пара алу не бара беру болып табылады.
Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады:
- «Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім».
- «Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?», ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін өміріне өте қауіпті қатер болып айналады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе - бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің де осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары қызметтерін жетілдіруге бағытталған.
Жалпы алғанда Қазақстан Республикасы аймағында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны болдырмау барша қауымның ортақ ісі! Барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Ал, біздің осы проблемаға қарсы қолданар қаруымыз – қоғам. "Қоғам – өмірдің айнасы" дейміз ғой. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, тегіс қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою міндет бізге. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды. Сенің өміріңді құрдымға жіберер кесапат. Турасын айтып, әділдікке жүгінген ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Ильясова
[xfvalue_img]
7 пікір