Баласынан бөлек тұратын ата-ана құқықтары

Баласынан бөлек тұратын ата-ана құқықтары

         Баласынан бөлек тұратын ата-ана құқықтары Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 73-бабын басшылыққа алып жүргізіледі. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың білім алуы мәселелерін және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.

Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның  адамгершілік жағынан дамуына зиян келтірмесе, баласы өзімен бірге тұратын ата-ана баланың екінші ата-анасымен араласуына кедергі жасамауға тиіс.

         Егер баласының ата-анасының біреуі немесе екеуі де сот шешімімен ата-аналық құқықтарынан айырылған болса, егер балаға кері әсер етпейтін болса, қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімен (шешімімен) кездесуге құқығы бар. Бұл – мемлекеттік қызмет. «Егов» мемелекеттік корпорациясында бұл қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізілімі көрсетілген. Сол тізім бойынша құжаттарды портал арқылы жіберіледі. Мемлекеттік қызметтің белгіленген шекті орындау уақыты бар. Мемлекеттік қызметтің атауы – «Балаға кері әсер етпейтін ата-аналық құқығынан айырылған ата-ананың »

         Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жері мен заңды мекен жайы ата-аналарының келісімімен  белгіленеді. Келісім болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескерек отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешеді. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері (қарындастары) мен апа-сіңілілеріне үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы үшін жағдайлар жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрін, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескереді.

         Ата-аналар өзара келісе алмаса, бөлек тұратын ата-ана баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына жолығуы тиіс. Қорғаншылық және қамқоршылық органы жан жақты қарап бөлек тұратын ата-анаға арнайы уақыт белгілеп береді. Қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімімен келіспеген жағдайда сотқа шағымдануға құқығы бар. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.