Құрметті ақпарат қызметкерлері! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықаймыз!
Сөздеріңіз өтімді, қаламдарыңыз қуатты, еңбектеріңіз жемісті болсын! Шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!
Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз, Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Өздеріңіздің, газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы халыққа жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.
Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз, кәсіби істеріңіз бен ерен еңбектеріңіз елімізді одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз.
Ізгі тілекпен: Ақмола гарнизоны әскери сотының ұжымы.
[xfvalue_img]
9 пікір