Сот процесстерін онлайн режимінде өткізуге

Сот процесстерін онлайн режимінде өткізуге

 

Сот процесстерін онлайн режимінде өткізуге дайындау және оны өткізу мәселесі қазіргі кезде өзекті мәселе. Қазіргі уақытта барлық сот процестері адамдардың қатысуынсыз, онлайн түрде өтуде. Төтенше жағдай кезінде елордадағы соттар толықтай онлайн форматқа көшкен. Әр адам онлайн сот отырысына компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон арқылы қатыса алады.

 Бейнебайланыс орнату үшін осы әр тарап құрылғыларына «TrueConf” тегін қосымшасын  жүктеу  қажет. Бұдан  бөлек  WhatsApp, Skype  желілерін де қолданады. Сапалы байланыс жасау үшін мобильді 4 G интернет желісіне қосылуы керек. Сот процесстерін қашықтан қарау өңір соттары қажетті барлық  техникалық  құралдармен  жабдықталған. Тек сотқа қатысатын өзге тарап та дәл осылай дайын болуы қажет.

 Сот процесстерін онлайн режимде өткізуге дайындау кезінде «Zoom», «TrueConf”, «WhatsApp» желілерін пайдаланамыз. Тараптарды бейнеконференциялық байланыстқа қоспас бұрын, сот хабарламалары жолданады. Хабарламада сот отырысының онлайн форматта өткізілетіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, хатшылар тараптарға сот отырысы басталмай тұрып онлайн түрде   «Zoom» мен «WhatsApp» желісіне қосылу тәртібін түсіндіреді. «Zoom» бағдарламасы арқылы қосылу үшін тараптарға арнайы сот отырысына қосатын идентификатор мен құпия сан жіберіледі.

 «Сот кабинетінің» пайдаланушылары кез келген гаджеттен үйден шықпай-ақ,  сотқа кез келген электрондық өтініштер жібере алады.Тегін мобильді қосымша, өтініштің тіркелуін, оның соттағы қозғалысын көруге, сот актісін және отырыстың аудио- бейне жазбасын алуға мүмкіндік береді.

           Бұдан басқа, тараптарға өзінің орналасқан жеріне қарамастан, сотқа бармай отырысқа қатысуға мүмкіндік береді. Ол үшін өтінішпен жүгіну жеткілікті және оған сотпен бейне конференция байланысқа шығу уақыты туралы хабарланады.

Қашықтықтан өтетін сот процесі дәстүрлі процестен тек өткізу тәсілімен ғана ерекшеленеді. Онлайн-процестер сот отырысының электрондық хаттамасында - аудио, бейнетіркеуде тіркеледі.

Сот процестерін онлайн түрде өткізу уақыт пен қатысушылардың қаржысын үнемдейді. Оның үстіне қазіргі уақыттағы   жағдайға  байланысты  онлайн сот процестері адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрине, кез-келген жаңашылдық болған соң, өз қиындықтары да кездеседі. Сондықтан, бізде сот қызметін қамтамасыз ету үшін байланыс жүйесін дамытуға  барынша жағдай жасауда. Осы ретте сот қатысушыларына процеске алдын-ала дайындалып, интернеті жақсы орындарды анықтап алу мәселелері туралы айтылады.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының бас маман сот отырысының хатшысы С.Аманбек.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.