Мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет.
Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Қазіргі заманда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Яғни, әйел азаматтар тек отбасы төңірегінда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, бизнесте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыс істеп жатыр.
Бүгінде жас ұрпақтың тәрбиесі мен олардың білім алуына байланысты бүкіл салмақты арқалап, отбасының ұйытқысын сақтай отырып, мемлекет ісінде де білікті қызметімен ерекшелініп жүрген нәзік жандылар аз емес.
Осы іскерлік қабілеттер бойында табылып, төрт баланы тәрбиелей отырып, жауапты мемлекеттік қызметте сот саласында көп жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып жүргендердің бірегейі ретінде көп балалы ана Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы- Темирзахова Айнагүл Бекмағамбетқызын айта кеткен жөн.
Айнагүл Бекмағамбетқызы еңбек жолын Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында хат тасушы қызметінен бастап, 2006жылы кеңсенің маманы лауазымына тағайындалып және қазіргі уақытта осы соттың бас маманы лауазымында лайықты қызмет атқарып келеді.
Қызметтегі негізгі міндеті соттың архив жұмысын жүзеге асырып, істердің, материалдардың және өзге де құжаттардың сақталуы мен жойылуының белгіленген тәртібін тиімді қамтамасыз ету болып табылады.
Қызметте талап ететін міндеттердің міңсіз атқарылуы аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жетістікке жету үшін талпыныс, ынта қажет екені анық. Осындай ынта-жігер, іскерлік пен адамгершілік қасиеттері арқылы ұжымның лайықты құрметіне бөленіп келеді.
Осы орайда, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы- Темирзахова Айнагүл Бекмағамбетқызы Сот жүйесінде міңсіз атқарған жұмысы үшін 2010 жылы БҚО Соттар әкімшісі басшысының құрмет грамотасымен, 2018 жылы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының алғыс хатымен, 2020 жылы Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарымен марапатталған. Айнагүл Бекмағамбетқызы жауапты қызметімен қатар, отбасында 1 қыз, 3 ұлды тәрбиелеп, балаларын білім мен спортқа баулып отырған ұлағатты ана, аяулы жар болып табылады.
Шындығында, әйел - отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтер атқаратын әйелдер қауымы өздерінің біліктілігімен ерекшелініп қана қоймай, жас ұрпақтың тәрбиесі атсалысып отанымыздың жетістіктеріне де тың дем беруде екені рас.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Еркебұлан Андақұлов
[xfvalue_img]
17 пікір