Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерінен босату және шектеу

Қорғаншыларды немесе қамқоршыларды өз міндеттерінен босату және шектеу

         Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларды орналастыру кезінде қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындалуы мүмкін. Қорғаншы немесе қамқоршы баланың заңды өкілі болып саналып, ата-анасы орындайтын барлық міндеттерін оорындауы тиіс.

         Алайда кей кезде қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерінен босату, шектеу жағдайы кездесіп жатады.

         Егер қамқорлығындағы бала кәмелеттік жасқа толса немесе некеге отырса қорғаншылық тоқтатылады және қорғаншысы өз міндеттерінен босатылады. Қорғаншылықтағы бала кәмелеттік жасқа толмай тұрып, некеге отырса қорғаншылық тоқтатылады. Қорғаншыға қорғаншылығындағы баланы күтіп-бағуы үшін төленіп тұрған жәрдемақыда тоқтатылады. Қорғаншылықтағы баланы асырап алса, қорғаншылық тоқтатылады, бұл жағдайда да жәрдемақы тоқтатылады. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылған баланың ата-анасы ата-аналық құқығын қалпына келтірсе немесе ата-аналық құқығынан шектелген ата-ана өз ата-аналық құқықтарын қалпына келтіріп, баласын қайтарып алса, баланың құқығын қорғайтын орган қорғаншыны өз міндеттерінен босатады. Кейде баланың ата-анасы іздеуде болып кейін табылып, ата-анасы өз балаларын қайтарып алып жатса немесе ата-анасы бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққаннан кейін өз баласын қайтарып алып жатса, қорғаншылық тоқтатылады және қорғаншы өз міндеттерінен босатылады.  Басқа да қаршының дәлелді себептері болған кезде қорғаншының өзінің өтініші негізіде немесе баланың құқығын қорғайтын органның бастамасымен өз міндеттерін атқарудан босатылады.

Қазақтан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексінің 129-бабының 3-тармағына сәйкес, қорғаншының немесе қамқоршының өз міндеттерін тиісінше атқармауына,  оның ішінде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жеке басының мақсаттарына пайдалануына не қамқорлыққа алушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдыруына тыйым салынады.

         Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды, қорғаншылық немесе қамқоршылық  жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттетуге және қажетті шаралар қолдануға міндетті. 

Қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.