Ардагерлер мәңгі ел есінде

Ардагерлер мәңгі ел есінде

Санаулы күндерден кейін Ұлы Жеңістің толғанына  76 жыл толады. Бірақ бұл майдан өткен ғасырмен бірге  тарих қойнауына кеткенімен де, артына  ұмытылмас із қалдырды. Жеңіс – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшіліктің, Отанын қорғаған жауынгерлеріміздің, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшыларымыздың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Осынау мерекеде арамыздан қол үзген әріптестеріміз – Ақмола облыстық сот жүйесінің ардагерлері, соғыс майдангері  және тылдағы енбек ері жайлы бүгінгі жас ұрпақ біле жүрсін деген ниетпен, олардың өмір жолдарынан сыр шертуді жөн көрдік.

  Александр Петрович Торкин – әрдайым өзінің майдан туралы естеліктерімен, соғыстан кейінгі өмірі және сот саласындағы жұмысымен біздің жадымызда мәңгі сақталады.

Ол 1919 жылғы 29 сәуірде Пензен облысы Каменск ауданы Владыкино ауылында көпбалалы шаруа отбасында дүниеге келген. Балалық шағы мен мектептегі жылдары Алматы облысында өткен. 1935-1939 жылдары, 20 жасына дейін екі арнайы білім алып, педагог ретінде жұмыс жасап үлгірді. Қарулы күштер қатарына 1939 жылы шақырылды. Соғыс жылдарының басында артиллерия лейтенанты шенінде болды. Соғыстың бірінші күндерінен бастап-ақ, А.Торкин барлық қанды шайқастарға қатысып, 1941 жылғы 7 қарашада Мәскеуді қорғауға аттанады. Одан кейін көп қалаларды жау әскерінен босатуға қатысады,  ақырғы шайқасы 1945 жылы 5 мамырда Кенигсберг қаласын  алумен  аяқталып, Жеңіспен Отанға оралады.

Елге келе салысымен білегін сыбанып қызу іске араласып кетті. 1945 жылдың қыркүйегінен бастап ҚазКСР-нің Әділет министрлігінде әр түрлі лауазымдық қызмет атқарды, 1956-1962 жылдары – Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.

Соңғы 20 жылда «Целин­электросетьстрой» трестінің басқарушысы қызметін атқарды.

А. Торкиннің жауынгерлік ерліктері мен еңбектегі жетістіктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Ол «Кызыл Жұлдыз» орденімен, екі мәрте Ұлы Отан Соғысының 1-ші, 2-ші дәрежелі ордендерімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Польшаны азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен, ҚазКСР-нің Әділет министрлігінің құрметті төс белгілерімен марапатталды.

Сондай-ақ Александр Петрович тағы бір ерекше марапаттың иегері екендігін айта кеткен жөн: Қазақстан Республикасы Соттар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталды.  Бұл құрмет айрықша еңбегі, үзақ мерзімді жұмысы, мінсіз беделі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетін айрықша марапаттау белгісі болып табылады.

 Сұрапыл соғыстың дүрбелеңі  майдан даласына ғана емес, елдің тылына да тыныштық таптырмады. Ақмолалықтар тек соғыста емес, тылда да ерекше ерлік көрсетті. Олар жеңісті жақындату үшін барын салды. Тыл еңбеккерлерінің майдандағыларға көрсеткен көмегі көп болды. «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!»  ұранын көтеріп, бар күш жігерлерін жұмылдырды. Сол жылдағы қиыншылықтарға төзе білген, күні түні маңдай терін төгіп, еңбек еткен тыл ардагері Садықов Кәрім Садықұлы соғыс басталған кезде небәрі 13 жаста еді.

 Ол 1928 жылы Көкшетау облысы, Шортанды ауданы, Кіндік Қарағай ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Алматы заң мектебін бітірген.

  1953 жылдан бастап тергеуші, Ақмола облысының прокурорының көмекшісі, тергеу бөлімінің прокуроры, адвокат қызметтерін атқарды.

         1967-1990 жылдар аралығында Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының судьясы лауазымын атқарды.

         Кәрім Садықұлы Садықовқа «КСРО-ның еңбек сіңірген заңгері» атағы берілген және «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

         Кәрім Садықұлы Садықов 2018 жылы қайтыс болды.

        Отан үшін от кешіп, соғыстың сұмдық ауыртпалықтарын мойнымен көтере білген ардагерлеріміздің жанқиярлық ерліктері мен ерен еңбектерін ұрпақтан ұрпаққа өнеге етіп, аманат қалдырамыз. Ешкім де ешқашан да ұмытылмақ емес. Бұл соғыс – адамзат тарихындағы ақтаңдақтаңдақтар  болып есте қалса, ал Жеңіс – бейбіт елдің мәңгі символы болып есте қала бермек! 

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық сотының төрағасы Нұрбол Шамиев

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

15 пікір

  1. аватар
    Raphael 18 сентября 2024 22:33

    где можно заказать шашлык, вкусный шашлык в уральске цена на
    микросхемы ссср, микконт прайс билер институты, билер қызметі зат есім
    мағынасына карай қандай болады,
    зат есім қандай сұрақтарға жауап
    береді

    my page ... алаш орда презентация қазақша

  2. аватар
    Verlene 19 сентября 2024 07:53

    жүніп деген не, мәни деген не
    этические ценности современной казахстанской молодежи эссе, проблемы молодежи казахстана эссе ертіс өзені, ертіс өзені шаруашылық маңызы партия жүйесі
    тілдік норма дегеніміз не не, қазақстандағы партиялық жүйе

  3. аватар
    Cathy 25 октября 2024 01:49

    I every time used to study paragraph in news papers but now as I am a user of
    net therefore from now I am using net for content, thanks to
    web.

    Feel free to visit my site ... cn.bing.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.