Сот жүйесінің жеткен жетістіктері

Сот жүйесінің жеткен жетістіктері

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері біршама жылдар өтті. Өз дамуында мемлекет бір орында тұрған жоқ. Әрбір салада жаңадан тетіктер енгізіліп, даму үрдісі жалғасуда. Соның ішінде республикадағы үш биліктің бірі – сот жүйесі. Ол әр алуан өзгерістерден өтіп, қазіргі бет-әлпетке ие болды. Осынау әлемде орын алған пандемия кезінде сот істерін қарау бойынша көптеген күш салынды.

         Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес заңды қолданған кезде судья мынадай принциптердi басшылыққа алуға тиiс: адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi; бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды; өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды; сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады; айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады; заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес; қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi.

         Аталған қағидаттарды судья басшылыққа алып, сот төрелігін жүзеге асырады. Қазіргі таңда көптеген қоғам мәселелері соттың қатысуымен жүргізіледі. Сонымен қатар, міндетті түрде көңіл бөлетін жайт – медиация. Қазақтың тарихында нық орын алған билер институты осы кезде де өз ықпалын тигізуде. Сөзге шешен әрі әділ билер тараптардың татуласуына және әділдіктің орнығуына көп көңіл бөлген. Осыған орай, судьяларда тараптардың татуласуына, әділ шешім шығаруға бар күштерін салуда.

         Бар әлем цифравизация заманына қадам басты. Қазақстанда жай қалмады. Қазіргі кезде сот отырыстары онлайн форматта өтіп, тараптар сот актілеріне әр уақытта қол жеткізе алатын болды. Нәтижесінде сот төрелігін жүзеге асыра отырып, ашық және әділ болуын қамтамасыз етуде.

         Сонымен қатар, судья болуға үміткерлерге және судьяларға қойылған талаптар біршама өзгертіліп, қатаңдатылды. Мысалыға, аудандық соттың судьясы болып отыз жасқа толған; жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар; біліктілік емтиханын тапсырған (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады); медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған; негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама қорытындысы бойынша соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады); "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады.

Ал судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға; сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға; сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға; судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi болып табылады.

«Әділ би – алтын таразы» деп бекер айтылмаған. Себебі әділдіктің орнығуының негізгі тетіктерінің бірі – судья. Судьяның шешімі көптеген тағдырларды шешеді. Оның өзі үлкен бір жауапкершілік екендігін ұмытпалық.

ҚР Әскери Сотының кеңсе меңгерушісі А.К.Тайшубекова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.