СОТТАРДАҒЫ ФРОНТ-ОФИСТІҢ МІНДЕТТЕРІ
Жалпы, Жоғарғы Соттың барлық жобалары азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін, сот қызметтерінің сапасын, халықтың сот жүйесіне сенімін арттыруға, соттар жұмысының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Фронт-офис "Үлгілі сот" жобасы аясында азаматтарға ұсынылатын сот қызметтері мен сервистерінің сапасын арттырды, сондай-ақ сот жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді және сол арқылы сотқа жүгінетін азаматтарға қолайлы жағдай жасайды. "Фронт-офис заманауи стандарттарға сай жиһазбен жабдықталған кең зал. Барлығы ашық және қол жетімді. Ол үш негізгі бөліктен тұрады: құқықтық қызмет көрсету орталығы, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы. Фронт-офисте ақпараттық дүңгіршек орналасқан, оны пайдалана отырып, сот маманы келушілердің келу мақсатын біліп, оларға көмек көрсетіп, бекітілген медиаторларға, адвокаттарға және сот мамандарына дұрыс жолдап отырады. Жеке кабинеттерде медиаторлар мен адвокаттар жүгінушілерге құқықтық қызметтердің толық спектрін көрсетеді. Кіріс кеңсесі аймағында сотқа келушілер қажетті құжаттарды тапсырады. Фронт-офистің міндеті-сотқа келушілерге ыңғайлы жағдай жасау.
Қазірдің өзінде, уақыт өте келе, фронт офис азаматтардың сотқа жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетті деген қорытынды жасауға болады.
Жетекші маман
А. Зейнулла
[xfvalue_img]
19 пікір