Медиацияның соттардағы рөлі

Медиацияның соттардағы рөлі

 

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011-жылы 28-қаңтарда қабылданған болатын. Аталған заңның қолданысқа енуі - еліміздегі құқықтық саясатты ізгілендіруге, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мен түрлі шиеленіскен дау-жанжалдардың түйінін бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретіндігі.

Бүгінгі таңда медиация рәсімі көптеген дауларды тиімді шешуде, басты құндылықтарды сақтап,  отбасыларды жарастыруда, бизнес серіктестер арасындағы қиқылжынды реттеп, іскерлік қарым қатынасты сақтап қалуға  да өзінің септігін тигізіп, тиімділігін дәлелдеп келеді.

Мемлекет басшысының  жолдауында қажетсіз сот процедураларын қысқартуды және бизнесті қорғауды күшейтуді тапсырырылған. Осыған байланысты медиацияға ерекше рөл бөлінді.

Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасына сай жүзеге асып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының нәтижесі бұл күнде жоғары. Әсіресе, дау шешудегі таңдау тараптарға  берілуі өзін-өзі ақтауда. Атап өтсем, талап арыз қабылданғаннан кейін судья, яғни, талап қою соттың іс жүргізуіне алынғанға және істі қозғағанға дейін тараптарды татуласу рәсіміне қатысуға шақырады. Келіскен жағдайда тараптар татуласу рәсімінің түрін таңдап, ол туралы өтінішхатта көрсетеді. Бұдан соң судья азаматтық істі қозғау, істі сот талқылауына дайындау, тараптың өтінішхаты болған жағдайда қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы ұйғарым шығарып, татуласу рәсімін өткізеді.

Медиациялық келісімде судья-татуластырушы тараптарға қойылған талаптардың шегінен шығу құқығын, жауапкердің қарсы шарттар қоюға мүмкіндігін жан-жақты түсіндіреді. Нәтижесінде өзара тиімді шарттар бойынша келісім жасалады.

Бітімгерлікке келетін кезде сот ешкімнің құқығына нұқсан келмеуін қарайды. Тараптар өзара келіскенімен, заңсыздық орын алса, сот оны бекітпейді.

Медиацияның басты мақсаты - дауласқан тараптарды бейбіт келісімге келтіру. Мұнда тараптар сот өндірісіндегідей «кінәлі» немесе «кінәсіз» деп бағаланбайды.

Барлық елде түрлі деңгейдегі даулар, келіспеушіліктер, құқық бұзушылықтар кездесіп жатады. Олардың барлығын сотқа сүйреп, сот арқылы әділдік қалыптастыра беру мүмкін емес. Ең алдымен бұл соттардың жүктемесін арттырса, екіншіден сот арқылы дауды шешу, кінәліні жазалау ұзақ уақыт алатын процесс. Үшіншіден, өкіл жалдау, баж салығын төлеу секілді қосымша шығындарға алып келетіні анық. Төртіншіден сотқа дейін жетпеген істерде жеке өмірдің құпиясы сақталады. Сондықтан уақытты да, қалтадағы ақшаны да үнемдеп, сот саласын қосымша жүктемеден арылтудың, мәселені сотқа жеткізбей шешудің бірден бір жолы медиация жүйесі дер едік.

Көпшілікке белгілі болғандай, Батыс Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық сотының жанынан фронт-офис ашылған болатын. Ғимаратта ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары орналасқан. Кеңсе дауларды сотқа дейін жеткізбей шешетін медиация кабинетімен жабдықталған. Арадағы өзара ынтымақтастық туралы  бекітілген келісімге сәйкес Өңірлік кәсіпкерлер палатысының өкілдері сотқа келіп кезекшілік жүргізеді.  Бұл жұмыстың негізгі қызметі – кәсіпкерлер арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешу және дауларды медиация шеңберінде аяқтау.

Әрине, істердің соттың құзырына жетпей, медиациялық жолмен шешілуі судьяларға тиімді екені рас. Сот жүктемесінің азаюы судьялардың уақытын үнемдеп, назарын неғұрлым күрделі істерге аударуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жүктеменің төмендеуі судьялардың қосымша ізденуіне, жаңа заңдармен танысуына, бұқаралық ақпарат құралдарына сот саласындағы өзекті мәселелер туралы мақалалар жазып, қоғамдық мәселелерге үн қосуына жағдай туғызады. Ендеше, медиацияның дамығанынан бізге пайда көп. Ал, бірақ даудың өзара келісіммен бітуі тек соттарға ғана тиімді емес қой. Медиативтік келісімнің жасалуы қарапайым азаматтардың да уақыты мен қаржысын үнемдеуге қолайлы.

Күні бүгінге дейін азаматтардың түсініспеушілігінен туындаған дау-дамайлар немесе жанжалды мәселелер тараптардың сот билігіне жүгінуі арқылы шешілуде. Өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырғанындай, кез-келген мәселенің сотта қаралуы бір күнде немесе бір аптада шешіле қоюы қиын.

Ал «Медиация туралы» Заң кез-келген азаматтық келіспеушіліктерді, апталап, айлап қарамай-ақ, керісінше, істің күрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір күнде шешуге жол ашады. Бұл ең алдымен, азаматтардың онсыз да жетпей жататын алтын уақыттарын жоғалтудан сақтайды.

Хайруллина У.Е.

БҚО МАЭС-ның судьясы                                                

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.