KazAID Орталық Азия елдерінің өкілдерін деректерді визуализациялау бойынша оқыту семинарына біріктірді

KazAID Орталық Азия елдерінің өкілдерін деректерді визуализациялау бойынша оқыту семинарына біріктірді

2025 жылғы 8–10 қазан аралығында Астанада Халықаралық Астана университеті базасында Орталық Азия елдері үшін деректерді визуализациялау бойынша аймақтық семинар өтті. Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 20-дан астам қатысушы қатысты. Семинарды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі және Түркияның Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) серіктестікте ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – Орталық Азия елдерінің статистикалық органдары мамандарының біліктілігін арттыру. Қатысушылар R, Tableau, Apache Superset және басқа да заманауи құралдарды қолдана отырып, статистикалық деректерді визуализациялаудың жаңа әдістерін меңгерді.

Бағдарлама визуализацияның негіздерінен бастап интерактивті талдамалық панельдер мен дашбордтар жасауға дейінгі кең тақырыптарды қамтыды. Бұл қатысушыларға болашақта статистикалық ақпаратты неғұрлым қолжетімді және түсінікті түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

«KazAID статистика саласындағы жобаларды аймақтың орнықты дамуына қосқан үлес ретінде қарастырады. Сенімді және көрнекі деректер – тиімді саясаттың, инвестициялардың және халықаралық ынтымақтастықтың негізі. Біз Орталық Азиядағы әріптестеріміздің кәсіби деңгейін арттыруға және білім алмасуға үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Бұл семинар – өңірдің ортақ прогреске бірге ұмтылуының айқын мысалы», – деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігінің Басқарма төрағасы Аркен Арыстанов.

Бағдарлама соңында қатысушылар өздерінің кәсіби даярлығы мен аналитиктер, басқарушылар және жұртшылық үшін сапалы әрі ашық статистика қалыптастыруға қосқан үлесін растайтын сертификаттар алды.

 

Анықтама үшін: ДРК – бұл мемлекеттердің басқа елдерге даму мақсатында беретін ресми көмегі: гранттар, жеңілдетілген несиелер, гуманитарлық көмек, оқыту және сараптамалық қолдау. Оның мақсаты – орнықты дамуды нығайту және серіктес елдерде тиімді институттар қалыптастыру.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

34 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.