Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысты.

Қарасай және Іле аудандарының ауылдық округ әкімдіктерін аралау барысында Антикор басшысы өңірлердің әкімдеріне қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу қажеттілігі туралы ұсыныстар берді.

Келесі нысан Қарасай ауданы Береке кентінің Мәдениет үйі болды, онда Антикор және Мәдениет пен спорт министрлігінің "Парасат жолы" жобасы өз жұмысын бастады. Жергілікті тұрғындар осы бастаманы қолдай отырып, қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету жұмыстарына дайын екендіктерін білдірді.

Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Алик Шпекбаев Алматы облысының азаматтық сектор, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шараға ақпараттық-ағарту штабының, арнайы мониторингтік топтың өкілдері, облыстың Филип Моррис Қазақстан, Маревен Фуд Тянь-Шань, Азия Агро фуд және т.б. ірі өнеркәсіптік және азық-түлік компанияларының басшылары қатысты.

Өз сөзінде Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда азаматтық бақылауды күшейтудің және азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимылда негізгі екпін алдын алу шараларына қойылады, оның басшысы азаматтық бақылау институты және жауапты, парасатты бизнес", - деп атап өтті ол.

Осы тұрғыда, кәсіпкерлік қоғамдастыққа арнаған сөзінде Алик Шпекбаев тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді құрал ретінде комплаенс-қызметтер институтын заңнамалық айқындауға назар аударды, сондай-ақ жеке компаниялардың басшыларын осы жүйені өз кәсіпорындарына енгізуге шақырды.

Кездесу соңында Агенттік Төрағасына Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өңірде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша жұмысы таныстырылды, ал азаматтық сектор өкілдері сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелерінде алдағы кезеңге арналған өз жоспарлары туралы айтып берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.