Қазақстан ДСҰ-да Қырғызстанның наразылықтарына жауап берді

Қазақстан ДСҰ-да Қырғызстанның наразылықтарына жауап берді

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Бас кеңесінің отырысы барысында Қырғыз Республикасының ДСҰ-ға өтінішіне сәйкес Қазақстан-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы мәселе талқыланды. Қазақстан Республикасының делегациясынан Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев  қатысты.

Өз сөзінде Қырғызстанның делегациясы Қазақстанның ДСҰ-ның тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімінің және ДСҰ-ның сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі келісімінің кейбір ережелерін бұзғандығы туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, Қазақстанның шекарада қолданылатын шараларымен байланысты Қырғызстанның экономикалық көрсеткіштерінің нашарлағаны атап өтілді.

Ж. Айтжанова Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтары арасында кедендік декларациялау мен мемлекеттік бақылауды, оның ішінде кедендік, көліктік, ветеринарлық және санитарлық бақылауды қолданбай тауарларды еркін өткізу жүзеге асырылатынын атап өтті. Демек, Қырғыз Республикасынан Қазақстанға келетін және біздің елдің аумағы арқылы транзитпен өтетін барлық тауарлар кедендік бақылау талаптарынан босатылған. Осыған байланысты, Қырғызстан көтерген мәселелер тек қана ЕАЭО заңнамасының құқық қолдану практикасымен байланысты және осы ұйымның алаңында талқылануы тиіс.

Қазақстан тарапы ЕАЭО мүше мемлекеттері Бірыңғай кедендік аумақ шеңберінде жұмыс істейтінін атап өтті, осыған байланысты Қазақстанның ДСҰ-ның тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімінің (1994 жылғы ГАТТ) және ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімінің (СРОжК) ережелерін бұзуына берген Қырғызстанның шағымы негізсіз екенін атап өтті.

Бұдан әрі қырғыз жүк тасымалдаушылары тарапынан көптеген бұзушылықтар фактілеріне аударып, атап айтқанда 2019 жылдың ішінде Қазақстанның уәкілетті мемлекеттік органы Қырғызстаннан жалған алушыларға тауар әкелудің 2600-ден астам оқиғасын анықтады. Сондай-ақ, қырғыз тауарларының жалған транзитін жүзеге асырудың 4800-ден астам жағдайы анықтап, яғни тауарлар Ресей аумағына транзит ретінде мәлімделді, алайда іс жүзінде Қазақстан нарықтарында жанама салықтарды (ҚҚС) төлемей сатылды. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар салықтық әкімшілендіруді және ел бюджетіне ҚҚС түсімдерінің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте, бұл шаралар отандық жүк тасымалдаушыларға да, сондай-ақ ЕАЭО мүшемемлекеттері мен үшінші елдердің жүк тасымалдаушыларына да тең дәрежеде қолданылады.

Қазақстан тарапы осы мәселелерді реттеу үшін екіжақты консультациялардың барлық әлеуетін, сондай-ақ ЕАЭО-да бар институционалдық тетіктерді пайдалану қажеттігін атап өтті. 

Қорытындылай келе, Қазақстанның Тұрақты өкілі Қырғыз Республикасын ЕАЭО-ға кіру кезінде қабылдаған міндеттемелерді толық орындауға, сондай-ақ өз серіктестерінің ұлттық заңнамасын сақтауға шақырды.

Қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуіне жауап ретінде Қырғызстан өкілі екі жақты тәртіпте реттеу мүмкін еместігіне байланысты және ЕАЭО шеңберінде бұл мәселе Дауларды шешу жөніндегі ДСҰ органының қарауына енгізілетінін мәлімдеді.

Қазақстанның Тұрақты өкілі қазақстандық тарап ДСҰ алаңында сот дауы шеңберінде өз мүдделері мен заңды шараларын қорғауға дайын екенін атап өтті.

Бұдан басқа, Қазақстан ДСҰ мүшелерінің назарын Қырғыз Республикасы тарапынан аталған Ұйым нормаларының елеулі бұзушылықтарына аударды,ЕАЭО-ға басқа мүше мемлекеттерден әкелінетін жекелеген тауарларға бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін (ББЕТД) қолданумен; Қырғыз Республикасының кәсіпорындарында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасын ҚҚС төлеуден босату және Қырғыз Республикасы Үкіметінің Қазақстан ЕАЭО БКТ-дан алып тастауды қолданатын тауарларды әкелуге тыйым салуды енгізуді көздейтін қаулы жобасын әзірлеуі.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.