Беларусь сыртқы істер министрі: Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық қатынастар өте маңызды
26 тамызда Минскіде Қазақстанның Елшісі Ермұхамет Ертісбаев Беларусиядағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездесті.
Кездесу барысында Беларусь Сыртқы істер министрі Елшіге Қазақстан-беларусь қатынастарын дамытуға қосқан жеке үлесі және екі елд арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Елшіге алғысын білдірді.
Ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы қарашада Беларусь Республикасына жасаған ресми сапары сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстардың кеңеюіне ықпал еткенін, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындауда шешуші мәнге ие екенін атап өтті.
Сонымен бірге В.Макей Елші Е.Ертісбаевтың екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға және Беларусьте Қазақстанның мәдениет күндерін өткізуге қосқан қомақты үлесін атап өтті.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат Беларусь тарапына екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуда Елшіліктің күш-жігеріне тұрақты қолдау мен көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді және тараптар арасында әрдайым жақсы ниет пен өзара тиімді мүдделерге негізделген конструктивті жұмыс қарқыны сақталатынына сендірді.
Ол осы жылдың соңғы айларындағы өзара сауданың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Беларусь тарапымен сындарлы өзара іс-қимыл жасау арқылы Қазақстанның сауда балансы оң бағытта өзгеретініне үміт білдірді.
Алдағы екіжақты іс-шаралардың күн тәртібіне, ең алдымен, Беларусияның Президенті Александр Лукашенконың 2019 жылдың қазан айында Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылды.
Осы тұрғыда В.Макей Беларусь тарапы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықта қарқынды дайындықтар жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Ол Беларусь тарапының ұсынысы бойынша жаңа ғимаратта Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің ашылу рәсімі қарастырылатындығын және мүдделі белоруссиялық және қазақстандық компаниялардың қатысуымен бизнес-форум өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы қазақстандық және белорус халықтарының игілігі үшін серпінді ынтымақтастық беталысын дамытуды жалғастыруға келісті.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]