Шетелдік дипломаттар Қорғастағы хабтың жұмысымен танысты

Шетелдік дипломаттар Қорғастағы хабтың жұмысымен танысты

ҚОРҒАС, 2018 жылғы 6 қазан - Қазақстандағы шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық корпусы Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың кеңеюі аясында Қазақстанның өңірлік сауда желілеріне интеграциялануына байланысты мультимодальдық логистикалық хабтың транзиттік әлеуетімен танысу үшін «Қорғас» шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығына (ШЫХО) келді.

Сапарды еліміздің сыртқы экономикалық басымдықтарын жүзеге асыру және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының озық жобаларын ілгерілету шеңберінде Алматы облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып, Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.

Президент Н. Назарбаев Қазақстанның халқына кеше ғана жасаған жолдауында бүгінгі және басқа да міндеттерді Үкімет пен СІМ алдына қойғаны өте символикалық болып табылады.

Іс-шараға Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, африкалық континент елшілері мен дипмиссия өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік банк, ЭСКАТО, ЕҚЫҰ сияқты бірқатар халықаралық және аймақтық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов шетелдік дипломаттардың алдында сөйлеген сөзінде «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру Қытайдың Шығыс жағалауы – Ляньюньган портынан Қазақстан мен Қытай шекарасындағы құрғақ порт арқылы теміржол және автокөлік жолдары жүйесі арқылы Каспий теңізінен Еуропаға апаратын оңтайлы логистикалық тізбекпен қамтамасыз еткенін атап өтті. Аталған логистикалық тізбек Транскаспийлік халықаралық дәліздің контейнерлік мультимодальды бағыттарын байланыстыратындықтан Орталық Азия, Қытай, Кавказ, Түркия және Еуропа елдерінің серіктестері үшін аса тартымды болып табылады.

«Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразияның аса маңызды көліктік-логистикалық хабына айналдыру бойынша үлкен міндет қойды, осы мақсатта біз «Солтүстік - Оңтүстік», «Шығыс - Батыс», «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәліздерінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, «Нұрлы жол» аясындағы жаңа экономикалық саясатты қытайлық «Белбеу және Жол» бастамасымен үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерін «Қытай – Иран» континентаралық магистральдарымен және Кавказ бен Ресей арқылы өтетін дәлізімен байланыстыруды көздейміз», - деді Министр.

Мемлекет басшысының «Төртінші индустриалды революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына сәйкес, Үкімет 2020 жылы транзиттік тасымалдан түсетін жыл сайынғы табысты 5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуды, контейнерлік тасымалды 2 миллион ЖФМ-ге (Жиырма футтық мөлшер – жүк тасымалы құралдарының сыйымдылығы өлшемінің шартты бірлігі) жеткізуді, әуе қатынасы арқылы жолаушылар тасымалын 4 есеге ұлғайтуды және транзиттік жолаушылар ағынын 1,6 миллионға жеткізу жоспарлауда.

Қ. Әбдірахманов былтырғы жылы Қазақстан арқылы жүк тасымалы 17%-ға өсіп, 17 миллионға жуық тонна құрағанын және 2015 жылдан бастап ЖІӨ-дегі көліктік саланың үлесі орта есеппен 8%-дан төмен болмағанын атап өтті. «Қорғас» ШЫХО-ның сәтті жүзеге асырылуының арқасында қазіргі кезде қазақ-өзбек шекарасында осы іспеттес ШЫХО құру мәселесі қарастырылуда.

«Қорғастағы» трансшекаралық серіктестікті дамыту Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының негізгі жобаларының бірі болып табылады. ШЫХО өз аумағында Қазақстан және Қытай азаматтарының, сондай-ақ болу еліне ресми сапармен іскерлік кездесулерге, Қазақстанда, Қытайда және ТМД елдерінде өндірілетін өнеркәсіптік өнімдермен танысуға, сауда-саттық және сауда келісімдерін жасауға, демалысқа келген үшінші елдің азаматтарының еркін қозғалуын жүріп-тұруын қамтамасыз етеді.

 

Анықтама: ШЫХО аумағында ҚХР-мен және өзге елдермен трансшекаралық сауда-саттық жасау және іскерлік әріптестікті жүзеге асыруға арналған арнайы құқықтық режим енгізілген. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының құзыретті органдарымен келісілген және танылған құжаттар негізінде орталықта 30 күн визасыз жүруге болады.

Орталықтың функцияларына коммерциялық келіссөздер, тауарларды таныстыру және сату, терминал және көлік қызметі, түрлі өңірлік және халықаралық конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ өзге де тиісті қызметтер көрсету кіреді.

Орталықтың жалпы аумағы 796 гектарды құрайды, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге және көлікке арналған өту жолымен өзара байланысқан қазақстандық (453 га) және қытайлық (343 га) екі бөліктен тұрады.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.