Ozon Қазақстандағы әйелдерге арналған «Бизнестен де маңызды» байқауын іске қосады

Ozon Қазақстандағы әйелдерге арналған «Бизнестен де маңызды» байқауын іске қосады

Астана, 2026 жылғы 22 қазан — Ozon Қазақстан әйел-кәсіпкерлерге арналған «Бизнестен де маңызды» байқауын іске қосады. Байқауға өз бизнесін дамытып жүрген немесе оны енді ашуды жоспарлап отырған әйелдер қатыса алады. Ол үшін кез келген әлеуметтік желіде өз оқиғасын #ozon_больше_чем_бизнес хэштегімен жариялау жеткілікті. Бес аталым бойынша жеңімпаздарды сыйлықтар, сарапшылардың консультациялары және өз бизнесін дамытуға арналған басқа да мүмкіндіктер күтеді. Қатысушылардың оқиғаларын кәсіпкер әйелдер мен бизнес және технологиялар саласындағы сарапшылар бағалайды. Өтінімдер 20 қарашаға дейін қабылданады.

Байқауға қалай қатысуға болады?

Байқауға Қазақстанда тұратын, өз бизнесін дамытып жүрген немесе оны енді ашуды жоспарлап отырған әйелдер қатыса алады. «Бизнестен де маңызды» байқауы кәсіпкер әйелдерге өз ісін таныстыруға, сондай-ақ пікірлестерімен тәжірибе бөлісуге көмектеседі. Жобаға қатысу үшін кез келген әлеуметтік желіде #ozon_больше_чем_бизнес хэштегімен өз оқиғаңызды бөлісу жеткілікті. Жарияланымнан кейін seller.ozon.kz сайтындағы арнайы формулярды толтырып, жазбаңызға сілтемені тіркеу қажет. Өтінімдерді қабылдау 20 қазаннан 20 қарашаға дейін өтеді. Байқау жеңімпаздары 14 желтоқсанда жарияланады.

Байқау бес аталым бойынша өткізіледі:

- «Жан қалауы» — сүйікті ісінен бастау алған бизнеске арналған;

- «Әлемге қамқорлықпен» — әлеуметтік немесе экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға арналған;

- «Қуат беретін мекен» — өзі орналасқан қала немесе қауымдастық үшін маңызды бизнеске арналған;

- «Әлі талай белес бар» — өсу әлеуеті бар, жұмыс істеп тұрған жобаларға арналған;

- «Жүзеге асыратын уақыт келді» — болашақ бизнестің идеяларына арналған.

Қатысушылардың оқиғаларын кәсіпкерлік және технологиялар саласындағы сарапшылардан құралған қазылар алқасы бағалайды. Ozon Қазақстан қазылар алқасының құрамына Women in Tech Kazakhstan ұйымының бас директоры Әсем Болатжан, тележүргізуші Камила Жусупова, агроблогер Жұлдыз Гафарова, Brosh брендінің негізін қалаушы Ольга Ким және денсаулық сақтау саласындағы жобалар экожүйесінің негізін қалаушы Әсел Машанованы шақырды.

Жүлделер мен бизнесті дамыту мүмкіндіктері

Байқаудың әрбір жеңімпазы Ozon топ-менеджерімен өтетін бизнес-таңғы асқа шақыру, бизнесті дамыту бойынша кеңес және өз аталымындағы дипломға ие болады. Ozon Казахстан ұжымы мен шақырылған сарапшылар жеңімпаздардың жобасын немесе бизнес-идеясын талдап, іс-қимыл жоспарын құруға көмектеседі.

Сонымен бірге өз аталымдары бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар Ozon-ның «Бестселлер» медиасындағы сұхбат кейіпкерлеріне айналады. Бұл оларға кең аудиторияға өз ісі туралы айтып беруге және оқырмандарды өзінің кәсіпкерлік тәжірибесімен таныстыруға мүмкіндік береді.

Ozon Қазақстан маркетплейсінің сатушыларына арнайы жүлделер қарастырылған: бірінші орын алған қатысушыға Қазақстан мен Ресей аудиториясына арналған промокампания және Ozon компаниясының жеке менеджерінің үш ай бойы қолдауы ұсынылады. Ал тапсырыстарды беру пункттерінің иелеріне Ozon Merch топтамасынан киім беріледі.

Ozon — логистикалық желісі жақсы дамыған көп санатты маркетплейс. Компания Қазақстанда, Арменияда, Беларусьте, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Грузияда, Түрікменстанда, Моңғолияда, сондай-ақ Қытай мен Түркияда жұмыс істейді. Платформада кітаптар мен киімнен бастап азық-түлік пен денсаулыққа арналған тауарларға дейінгі 20-дан астам санат бойынша 400 миллионнан астам тауар атауы ұсынылған. Қазірдің өзінде 69,2 миллион белсенді сатып алушы Ozon компаниясының дамыған логистикалық инфрақұрылымы арқылы тапсырыстарын алады. Бұл инфрақұрылым 750 мыңнан астам кәсіпкерге Ресей мен ТМД елдерінде өз тауарларын сатуға мүмкіндік береді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.