Болашақ сарайында «Бюджеттік процестер: ағымдағы жағдайы және келешегі» тақырыбында диалог алаңы өтті
19 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Болашақ сарайында «Бюджеттік процестер: ағымдағы жағдайы және келешегі» тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шараға облыстық басқармалардың, ведомстволық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс - шара барысында 2025–2026 жылдардағы бюджет қаражатын жоспарлау мен игерудегі өзекті мәселелер, мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, ішкі аудит нәтижелері мен экономикалық тергеп-тексеру тәжірибесі кешенді түрде сарапқа салынды.
Департамент басшысы Нұрқат Батырқұлов бюджет қаражатын тиімді, мақсатты әрі ашық пайдалану – мемлекеттік басқару сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі екендігін айтты.
Күн тәртібіне сәйкес Бюджеттік процестердің ағымдағы жағдайы, қалалық деңгейдегі бюджет қаражатын тиімді бөлу мен игерудің негізгі түйткілдері туралы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ақжол Қылышбаев баяндады.
Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы бөлімінің басшысы Әсемгүл Мақтаева мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттандырды.
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы Бақыт Мадеева аудит барысында жиі кездесетін бұзушылықтарға талдау жасап, олардың алдын алу мәселесін көтерді.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Ілияс Тұрсынбаев бюджет саласындағы экономикалық қылмыстарды талдау мен алдын алу бойынша 2025–2026 жылдардағы тәжірибесімен бөлісті.
Ашық диалогтың қорытындысы бойынша қатысушылар бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеуге бағытталған жүйелі ұсыныстарды әзірледі:
Бақылау мен жауапкершілікті күшейту: Бюджетті жоспарлау мен игеруге бақылауды арттыру, сондай-ақ қаражаттың мақсатты жұмсалуы үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін белгілеу.
Ақы төлеудің қатаң тәртібі: Қаржыландыруды тек нақты орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер расталғаннан кейін ғана жүзеге асыру.
Әділ бәсекелестік: Мемлекеттік сатып алу кезінде бәсекелестікті шектейтін негізсіз талаптарды толығымен алып тастау.
Тәуекелдерді алдын ала жою: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тұрақты мониторинг жүргізу және мүдделер қақтығысын болдырмау.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы
[xfvalue_img]
