СҚО-да полиция желідегі құқық бұзушы жүргізушілерді жауапқа тартты
https://youtube.com/shorts/sAxZTgws40M?feature=share
Петропавл қ. полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әлеуметтік желілерде Жол қозғалысы қағидаларын бұзған сәттері бейнеленген видеоларды жариялаған жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Атап айтқанда, 23 шілде күні Петропавл қаласынан шығаберістегі Мамлют тас жолында 23 жастағы «Москвич-412» автокөлігінің жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын көлікпен жүрген. Сонымен қатар көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу және міндетті автосақтандыру полисінің болмауы деректері анықталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Тағы бір дерек 18 жастағы JAC J7 автокөлігінің жүргізушісіне қатысты анықталды. Ол маусым айында түнгі уақытта Петропавл қаласындағы Кәрім Сүтішев көшесінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, төрт жолақты жолдың қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Аталған жүргізушіге қатысты да әкімшілік материалдар жиналды.
2026 ж. алты айында Солтүстік Қазақстан облысында 236 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға аз. Дегенмен жол апаттарынан қаза тапқандар саны 16-дан 23-ке, ал жарақат алғандар саны 330-дан 338-ге дейін өсті. Осыған байланысты өңір полициясы жол қозғалысын бақылауды күшейтіп, Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Қауіпті көлік жүргізу әрекеттерінің, оның ішінде құқық бұзушылықтарды интернетте жариялау фактілерінің жолын кесу бойынша қағидатты жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын дәйекті түрде сақтау ғана қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтып, азаматтардың жолдардағы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
