Қазақстанда компаниялардың су ізін басқаруға арналған Smart Water Zone жобасы жүзеге асырылуда
Әлем бойынша су тапшылығының арту мәселесіне назар күшейіп келеді. Осыған байланысты бизнестің су ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану жөніндегі бастамалары барған сайын өзекті болуда.
Қазақстанда өздерінің су ізін жүйелі түрде басқаруға және заманауи экологиялық тәжірибелерді енгізуге ұмтылатын компаниялар үшін жаңа Smart Water Zone экологиялық жобасы іске қосылды.
Жоба Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен GPI Group компаниялар тобының Coca-Cola және Green Urban қауымдастығымен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігі мен «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КеАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бұл бастама Қазақстанда жауапты тұтыну мәдениетін дамыту, тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету және экологиялық жауапты бизнес-қоғамдастықты қалыптастыруға бағытталған экологиялық жобалардың жалғасы болып табылады.
Бұған дейін жоба ұйымдастырушылары жүзеге асырған ұқсас Smart Plastic Zone бастамасы ел бойынша 70-тен астам компанияны біріктірген болатын.
«Бүгінде суды тиімді пайдалану мәселелері бизнестің стратегиялық тұрақтылығының бір бөлігіне айналуда. Smart Water Zone – су ізін жүйелі түрде азайтып, ESG-тәжірибелерді енгізуге және жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға дайын компаниялар үшін практикалық құрал ретінде құрылған. Біз бизнес тарапынан мұндай бастамаларға жоғары қызығушылықты байқап отырмыз және жоба су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы үздік салалық шешімдермен алмасу алаңына айналады деп сенеміз», — деп атап өтті жоба ұйымдастырушылары.
Coca-Cola Kazakhstan суды ұтымды пайдалану және оны толықтыру компанияның тұрақты дамуындағы негізгі бағыттардың бірі болып қала беретініне ерекше назар аударады.
«Coca-Cola үшін су ресурстарына ұқыпты қарау мәселелері жаһандық тұрақты даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Біз жауапты тұтынуды қалыптастыруға көмектесетін және бизнесті практикалық экологиялық шешімдерге тартатын бастамаларды қолдаймыз. Smart Water Zone – су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізугіп, экологиялық әсерді азайтуға дайын компанияларды біріктіретін мүмкіндік», — деп атап өтті компания өкілдері.
Жобаға қатысуға өндірістік кәсіпорындар, қонақүйлер, мейрамханалар, сауда орталықтары, кеңселер, білім беру ұйымдары және су ізін азайтуға әрі ESG-тәжірибелерді дамытуға мүдделі басқа да ұйымдар шақырылады. Жобаға қатысу тегін.
Жоба қатысушылары мыналарға ие болады:
- су тұтыну жүйесі мен су ресурстарын басқаруға тәуелсіз жедел бағалау;
• суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар;
• білім беру материалдарына және саланың үздік тәжірибелеріне қолжетімділік;
• «Қола» деңгейінен «Платинаға» дейінгі Smart Water Zone белгісін алу мүмкіндігі;
• компаниялардың үздік тәжірибелерін су ізін қысқарту бойынша салалық шешімдерге шолу жасалған қорытынды есепке енгізу.
Smart Water Zone белгісі экологиялық жауапкершіліктің жоғары деңгейін және тұрақты даму қағидаттарына адалдықты көрсететін компаниялар үшін айрықша белгі болады.
Ұйымдастырушылардың экологиялық жобаларына қазірдің өзінде ірі қазақстандық компаниялар, соның ішінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және Қазақстанның Даму Банкі қосылды.
Қатысу үшін:
- жоба сайтында өтінім нысанын толтыру;
- деректерді верификациядан өткізу;
- ұсынымдар мен тиісті деңгейдегі Smart Water Zone белгісіне ие болу қажет.
Егер нысан әзірге жобаның ең төменгі талаптарына сәйкес келмесе немесе қатысушылар өз мәртебесін арттырғысы келсе, оларға көрсеткіштерді жақсарту бойынша ұсынымдар беріледі және қажетті шешімдерді енгізгеннен кейін қайта бағалаудан өту мүмкіндігі ұсынылады.
Бүгінде су тұтынуды қысқарту мәселелері мемлекеттік басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өту керек. Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексі аясында кәсіпорындар үшін су тұтыну көлемін азайту талаптарын кезең-кезеңімен енгізу көзделген. 2026 жыл ішінде бұл тәсілдер ерікті негізде іске асырылатын болады, ал келесі жылдан бастап міндетті талаптарды енгізу жоспарланып отыр.


[xfvalue_img]
