Ақмола облысында жоғары оқу орындарының 40 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Ақмола облысында жоғары оқу орындарының 40 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Ақмола облысының мемлекеттік басқару жүйесі жаңа серпінмен толығуда. Бүгінде өңірде мемлекеттік аппаратты жасарту және заманауи ойлайтын дарынды басқарушыларды тарту үрдісі белең алып келеді. Қазірдің өзінде аймақтағы жас мемлекеттік қызметшілердің үлесі 29%-ға жетіп отыр. Буын алмасудың жарқын үлгісін көрсетіп жатқан бұл көрсеткіш - жергілікті басқару жүйесінің жаңа келбетін қалыптастырушы, болашағынан үлкен үміт күттіретін 832 білікті маманның еңбегімен тікелей байланысты.

Бүгінде мемлекеттік қызмет – тек «таңдаулылар» ғана өтетін жабық құрылым емес, жаңашыл идеясы бар әрбір жасқа есігі ашық серпінді салаға айналды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде білімді, креативті әрі өршіл буын өз туған өлкесінің өркендеуіне тікелей үлес қосу мүмкіндігіне ие болды. Аймақтарды дамытудың ең жауапты бағыттарын сеніп тапсырған және сол сенімді ақтап жүрген жас мамандардың нақты кейстері – осы сәтті кадрлық стратегияның айқын дәлелі.

Мысалы, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамада «Б» корпусының кейбір әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурссыз тағайындау мүмкіндігі көзделген. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орындарын жақсы нәтижелермен тәмамдаған түлектер диплом алғаннан кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілмей-ақ кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады.

Осы құқықтық норма іске қосылған сәттен бастап Департамент 40 жас маманды конкурстан тыс тәртіппен тағайындауға келісім берді. Жаңа леп әкелген бұл толқынның қатарында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, сондай-ақ А. Мырзахметов пен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеттері, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті сияқты және т.б. еліміздің маңдайалды жоғары оқу орындарының түлектері бар.

Жаңа мүмкіндікті тиімді пайдаланып, мансап жолын сәтті бастағандардың бірі - Қабыш Айғаным Болатқызы. Ол бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас маман - мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарады. Бастапқыда осы инспекцияның аудандық бөлімшесіне бас маман болып конкурссыз қабылданған.

«Мен үшін бұл мемлекеттік қызметтегі алғашқы баспалдақ қана емес, иығыма жүктелген орасан зор жауапкершілік. Бұл кәсіби тұрғыдан шыңдалып, еліміздің аграрлық секторының қыр-сырын практикада терең меңгеруге берілген бірегей мүмкіндік», - дейді жас маман.

Болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандардың тағы бірі – Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болып тағайындалған Құралбек Рамазан Мейрамбекұлы. Конкурссыз тағайындау жүйесі білімді де жігерлі жастарға мемлекеттік басқару ісіне тікелей араласуға даңғыл жол ашып берді.

«Бұл салада қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе әрі маңызды сынақ. Қарқынды дамып жатқан Қосшы қаласының сәулеттік келбетін қалыптастыру, жер қатынастарын реттеу және халықпен тығыз жұмыс істеу – жауапкершілігі жоғары міндеттер», – дейді Рамазан Мейрамбекұлы.

Жаңа буынға сөз арнаған жас маман замандастарын үнемі ізденіп, сапалы білім алуға және өз ісіңіздің шынайы шебері болуға талпынуға шақырады.

Уәкілетті органның келісімімен, конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындаудың тағы бір сәтті мысалы ретінде Гаухар Анатольевна Золотухинаны атап өтуге болады. Ол Жарқайың ауданы, Үшқарасу ауылы әкімі аппаратының бас маманы лауазымына орналасты.

Мұндай жауапты қызмет Гаухар Анатольевна үшін үлкен сенім ғана емес, сонымен бірге маңызды сынақ та болып табылады. Оның басты мақсаты - туған ауылының өсіп-өркендеуіне үлес қосып, жерлестерінің үмітін ақтау және осы жолда аянбай еңбек ету.

Көпкезеңді конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалу мүмкіндігін жас мамандар мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен сенім деп біледі. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай тиімді әлеуметтік лифт жастарға қанат бітіріп қана қоймай, артылған үмітті нақты нәтижелермен дәлелдеуге зор серпін береді.

Бұл жаңашылдық ауыл мен аудан деңгейіндегі кадр тапшылығын жоюға, мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесін көбейтуге септігін тигізуде. Нәтижесінде мемлекеттік аппарат жаңа тұрпатты, білікті әрі кәсіби мамандармен дер кезінде толығып келеді.

Сейтмағанбетова Жазира, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.