Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады

TikTok LIVE пайдаланушыларға мәдени және танымдық контентке нақты уақыт режимінде қол жеткізуге мүмкіндік беретін халықаралық Comes Alive бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаның алғашқы жобасы - 18 мамырда атап өтілетін Халықаралық мұражайлар күніне арналған Museums Come Alive бастамасы. Жаһандық науқанға Қазақстан да қосылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Almaty Museum of Arts серіктестігі аясында платформада тікелей эфирдегі эксклюзивті экскурсиялар өтеді. Бұл көрермендерге еліміздің мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Бүгінде TikTok классикалық өнер, заманауи цифрлық формат арқылы қайта таныстырылатын кеңістікке айналып келеді, ал қысқа видеолар мен тікелей эфирлер қолданушыларға мәдениет, шығармашылық және білім беру контентін жаңаша ашуға көмектеседі.

18 мамырда атап өтілетін Халықаралық музейлер күні қарсаңында TikTok әлемнің түкпір-түкпіріндегі музейлермен бірлесіп, соның ішінде Museum of Modern Art (MoMA) сияқты заманауи өнердің ең танымал музейлерінің бірімен бірге Museums Come Alive атты жаңа жаһандық бастаманы іске қосады. Жобаның мақсаты — тікелей эфирлердің танымал форматы арқылы аудиторияны өнермен, тарихпен және мәдени мұрамен таныстыру. Жоба аясында музейлер, креаторлар және TikTok қолданушылары мәдениет анағұрлым ашық, интерактивті әрі кең аудиторияға қолжетімді болатын біртұтас цифрлық кеңістікте бас қосады. 

Қазақстан мұражайлары TikTok-та жаңа тыныс алады

18 мамыр күні TikTok пайдаланушылары Қазақстанның бірден екі жетекші мұражайынан танымал креаторлар жүргізетін арнайы трансляцияларға қосыла алады.

Орталық Азиядағы заманауи өнерге арналған алғашқы әрі ең ірі жеке меншік мұражай - Almaty Museum of Arts (@almatymuseumofarts) кеңістігінде өтетін TikTok LIVE экскурсиясын Нуржан  @nurzhan_cello жүргізеді.

Платформа пайдаланушылары сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін нақты уақыт режимінде Шарын шатқалынан шабыт алған мұражайдың сәулетімен танысып, көрме залдарын аралап, қазақстандық заманауи суретшілердің туындыларын тамашалай алады. Эфир барысында көрермендер қазақстандық суретші Алмагүл Меңлібаеваның «Я все понимаю» («Мен бәрін түсінемін») атты ретроспективалық көрмесімен, сондай-ақ мұражайдың Орталық Азиядағы қонақжайлық дәстүрі мен көші-қон тақырыптарын арқау еткен «Қонақтар» көрмесімен танысады. Сонымен қатар, TikTok LIVE Almaty Museum of Arts мұражайынан шабыт алған арнайы Artist виртуалды сыйлығын ұсынады, ол көрермендерге эфир барысында контентті қолдауға мүмкіндік береді.

Гаухар Сатпаева, Almaty Museum of Arts коммуникациялар жөніндегі директоры: «Бүгінде өнердің музей қабырғасынан шығып, цифрлық кеңістіктегі тірі диалогтың бір бөлігіне айналып жатқанын көріп отырмыз. TikTok LIVE-пен жасалған коллаборация — өнердің бұрынғыдан да ашық әрі демократиялық бола түсуін көрсететін жаһандық трендке берілген жауап. Қазіргі көрерменге экспонатқа жай ғана қарау жеткіліксіз — оған сапалы сторителлинг пен оқиғаға өзін қатысушы ретінде сезіну маңызды. Тікелей эфирлер сияқты құралдарды пайдалану бізге күрделі мәдени контексті кең аудиторияға бейімдеп, оны қолжетімді ете отырып, интеллектуалдық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Қазір елімізде жергілікті өнерге деген қызығушылықтың қуатты толқыны байқалады. Almaty Museum of Arts музейінің MoMA-мен бір бағдарлама аясында ұсынылуы — қазақстандық арт-сахнаның әлеммен бір тілде сөйлесетінінің дәлелі. Біз Алмагүл Меңлібаеваның ретроспективасынан бастап, «Қонақтар» жобасындағы қонақжайлық туралы ой-толғамдарға дейінгі мәдени кодтарымызды ең өзекті коммуникация арналары арқылы жеткізіп келеміз. Бұл — жаһандық деңгейде танымал бола отырып, өзіміздің бірегей болмысымызды сақтаудың заманауи тәсілі».

                                                                   «Artist» («Суретші») – Almaty Museum of Arts мұражайынан шабыт алған виртуалды сыйлық.

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі (@nationalmuseumkz) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен  Жұлдыз Рахметпен (@zhuldyz_rakhmet) бірлесіп, TikTok LIVE форматында онлайн-экскурсия өткізеді. Тікелей эфир Жұлдыз Рахметтің  парақшасында 18 мамыр күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өтеді және көрермендерге  Қазақстанның бай тарихын, мәдениеті мен табиғи мұрасын танытатын мұражайдың бірегей экспонаттармен танысуға мүмкіндік береді. Эфир барысында көрермендерге қазақстандық археологияның басты нышандарының бірі – Қазақстан аумағынан табылған алғашқы «Алтын адам» саналатын Есік Алтын адамы таныстырылады. Сонымен қатар бағдарламада Тобыл ойшы, сүйек ат және еліміздің ежелгі тарихы мен мәдени мұрасын ашып көрсететін басқа да артефактілер ұсынылады. Экскурсияның бір бөлігі палеонтология залына арналып, онда Қазақстан аумағынан ғалымдар тапқан көне жануарлардың қалдықтары көрсетіледі. Онлайн-экскурсия «Тартымдылық кеңістігі» атты ауқымды бағдарлама аясында, «Музей түні – 2026» акциясы мен Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылады.

Айнұр Құрмашева, ҚР Ұлттық музейінің баспасөз хатшысы: «Бүгінде тарих пен мәдени мұра туралы заманауи аудитория отырған алаңдарда шығу аса маңызды. TikTok LIVE-пен коллаборация музейді диалог, білім және мәдени коммуникациялар кеңістігі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Заманауи цифрлық платформалар музей аудиториясын кеңейтіп, мәдени мұраны әртүрлі буын өкілдеріне анағұрлым ашық әрі қолжетімді етуге жол ашады. Біз ұлттық мұраны заманауи медиакеңістікте кеңінен таныстырып, оны жаңа аудиторияға жақындатуға ұмтыламыз». 

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін TikTok қосымшасында арнайы  Museums Come Alive парақшасы пайда болады. Онда эфирлердің анонстарын көріп, жобаға қатысушы мұражайлармен танысуға және креаторлардың трансляцияларына тікелей өтуге болады.

«Біз TikTok қауымдастығының мәдени және танымдық контентке қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Museums Come Alive бастамасы мұражайлар мен өнерді аудиторияға жақындатып, цифрлық буынға түсінікті әрі ыңғайлы пішімде ұсынуға мүмкіндік береді. LIVE-трансляциялар арқылы пайдаланушылар өздерін мұражай ішінде жүргендей сезініп, өнер мен тарихқа жаңаша көзқараспен қарай алады. Қазақстанның Museums Come Alive бастамасына қатысуы елдің мәдени мұрасын халықаралық TikTok қауымдастығына таныстырып, Қазақстандағы мұражайлар мен өнерге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді», – дейді Дина Хамза, Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Кавказ өңірлері бойынша TikTok LIVE менеджері.  

Әлем мұражайларын үйден шықпай-ақ тамашалаңыз

Қазақстаннан бөлек, Museums Come Alive бастамасына әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұражайлар мен креаторлар да қосылады. TikTok LIVE Нью-Йорктегі Museum of Modern Art (MoMA), Чикагодағы Pokémon Fossil Museum және Каирдегі Abdeen Palace Museum сияқты әйгілі мәдени кеңістіктермен бірлескен арнайы эфирлер ұйымдастырады.

  • 19 мамыр күні сағат 05:00-де көрермендер @katebartlett креаторымен және Museum of Modern Art (MoMA) кураторымен бірге әлемдегі заманауи өнердің ең танымал музейлерінің бірі бойынша виртуалды экскурсияға қатысып, музейдің әйгілі коллекциясындағы туындыларды тамашалай алады. Трансляция @katebartlett, @museumofmodernart, @tiktok, @tiktoklive_us аккаунттарында қолжетімді болады.
  • 19 мамыр күні сағат 17:00-де @ahmedgalalmoussa креаторы @tiktoklive_mena аккаунтында Abdeen Palaceбойынша эксклюзивті LIVE-экскурсия өткізіп, TikTok аудиториясын Мысырдың тарихы мен мәдениетімен таныстырады.
  • 21 мамыр күні сағат 04:15-те көрермендер @tiktok және @tiktoklive_us аккаунттары арқылы Pokémon Fossil Museum көрмесінің ресми ашылуына екі күн қалғанда өтетін эксклюзивті LIVE-экскурсияға қосыла алады. 

#MuseumTok трендте

Соңғы бір жылда әлемнің жетекші мұражайлары жаңа аудиториямен байланыс орнату үшін TikTok LIVE мүмкіндіктерін белсенді қолдана бастады. Бұл пайдаланушылардың өнер туындыларына деген қызығушылықтың артуына ықпал етті.Мәселен, The Metropolitan Museum of Art  (Нью-Йорк) наурыз айында көрме кураторлары мен платформа креаторларының қатысуымен бірқатар тікелей эфир өткізді. Бұл өнер мен тарихты кең аудитория үшін анағұрлым қолжетімді әрі түсінікті етуге мүмкіндік берді. Ал Grand Egyptian Museum қараша айында өзінің ашылу салтанатын TikTok LIVE арқылы тікелей эфирде көрсетіп, ауқымды мәдени оқиғаны халықаралық цифрлық жобаға айналдырды. Осы екі LIVE-трансляцияның жиынтық аудиториясы әлем бойынша шамамен бес миллион көрерменді құрады. Бұл TikTok LIVE платформасының мәдени ұйымдар мен білім беру контентіне жаһандық аудиторияның қолжетімділігін кеңейтудегі әлеуетін айқын көрсетеді.

18 мамыр күні TikTok сондай-ақ TikTok's 2026 Museum Insights Report  зерттеуін ұсынады. Бұл - соңғы бір жыл ішінде #MuseumTok қауымдастығын шабыттандырған басты трендтер мен оқиғаларға арналған шолу.

  • Зерттеу нәтижелері TikTok тіпті тар бағыттағы музейлерге де өз аудиториясын табуға көмектесетінін көрсетті. Платформадағы ең танымал музейлердің қатарында Disgusting Food Museum, Ice Cream Museum, Trap Music Museum және The Bone Museum бар.
  • Поп-мәдениет, юмор және сторителлинг қоғамды мәдени күн тәртібіне тартудың тиімді құралдарына айналып келеді. Нәтижесінде, АҚШ-тағы TikTok қолданушылары платформаны пайдаланбайтын адамдармен салыстырғанда бейнелеу өнеріне 41%-ға жиі, ал заманауи өнерге 79%-ға жиі қызығушылық танытады.
  • Өнер саласындағы сарапшылар мен көрме кураторлары платформа аудиториясының назарын аударатын контент авторларына айналып келеді.

TikTok туралы

TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.