СҚО-да боран кезінде полицейлер 12 автоколоннаны сүйемелдеді

СҚО-да боран кезінде полицейлер 12 автоколоннаны сүйемелдеді

https://youtu.be/ojaBInv14SY 

11 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облысына соққан қатты боран салдарынан барлық бағыттағы жолдар жабылды. Сол сәтте тасжолдарда ондаған автокөлік болған. Олардың көпшілігіне шұғыл қызметтердің көмегі қажет болды. 

Аққайың ауданының аумағында ауыл дүкендеріне азық-түлік жеткізіп келе жатқан жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Оны трассаны тексеру кезінде СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Рүстем Испердинов анықтады. Ол жергілікті ЖШС-ға жүгініп, К-700 тракторы тартылды. Ауыр техниканың көмегімен жүк көлігі қайтадан жолға шығарылды. Тайынша ауданында бір метрге жуық қар үйіндісінің алдында бірнеше көлік тұрып қалған. Рүстем Испердинов қызметтік жол талғамайтын көлігімен оларға жол ашып берді. Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Мадиев Бәйтерек ауылының маңында тасжолда жаяу жүргіншіні байқап, оны Новокаменка ауылына жеткізді. 

Мұндай жағдайлар облыс бойынша ондаған рет тіркелді. Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, өзге де бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы мен жеке құрамы автожолдарды тексеріп, қауіпті учаскелерді анықтап, қатты жел мен нөлдік көріну жағдайында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Бір тәулік бойы тәртіп сақшылары күшейтілген кезекшілік атқарды. Бекеттерде 12 автоколонна жасақталып, сүйемелденді — олардың құрамында 520 жүк көлігі және 825 жеңіл автокөлік болды. Қолайсыз ауа райы кезінде республикалық маңызы бар автожолдарда зардап шеккендер бар жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.