AstraZeneca үшінші жыл қатарынан Қазақстандағы үздік жұмыс беруші болып танылды
Алматы, Қазақстан. AstraZeneca Қазақстан халықаралық биофармацевтикалық компаниясы үшінші жыл қатарынан Top Employer сертификациясына ие болып, елдің үздік жұмыс берушісі мәртебесін растады. Сонымен қатар, компания персоналды басқару және ішкі коммуникациялар саласындағы көшбасшылық рөлін тағы да дәлелдеп, беделді халықаралық Brilliance Awards сыйлығына ие болды.
Top Employers институты жыл сайын әлем бойынша ұйымдардың HR-процестерін жүйелі тәсіл негізінде бағалайды. Бағалау 20 бағытты қамтиды, олардың ішінде көшбасшылық, корпоративтік мәдениет, цифрлық трансформация және басқа да маңызды бағыттар бар. Айта кетсек, биыл Қазақстанда бұл мәртебеге бар болғаны 10 компания ғана ие болды.
2026 жылы AstraZeneca Қазақстан жоғары деңгейін растап қана қоймай, өткен жылмен салыстырғанда өз көрсеткіштерін жақсартты. Әсіресе «Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқаты» санатында айтарлықтай өсім байқалды. Бұл деректер ішкі көрсеткіштермен де расталады: корпоративтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, қызметкерлердің 92%-ы AstraZeneca компаниясын «жұмыс істеуге тамаша орын» ретінде ұсынуға дайын екенін айтқан.
Ең үздік жұмыс беруші ретінде танылуымен қатар, AstraZeneca Қазақстан Brilliance Award халықаралық сыйлығына ие болды. Бұл беделді премия 12 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпірінен үздік ұйымдар мен мамандарды біріктіріп, тиімділік, креативтілік және көшбасшылық саласында жаңа стандарттар қалыптастырып жүргендерді марапаттайды.
Сыйлық қызметкерлердің компания инновациялық препараттар әзірлейтін аурулар туралы білімін арттыруға, сондай-ақ дер кезінде диагностика мен терапияның маңызын түсіндіруге бағытталған «Building a Disease-Aware Culture» атты ішкі коммуникациялар кампаниясына берілді.
Жыл бойы бағдарлама сараптамалық дәрістерді, кеңседегі денсаулық скринингтерін, корпоративтік подкасттарды және цифрлық форматтарды біріктіріп, күрделі ғылыми ақпаратты практикалық әрі түсінікті білімге айналдырды. Қызметкерлердің шараларға қатысу деңгейі әр тоқсанда 70%-дан асты, ал ішкі сауалнамалар қызметкерлердің хабардарлығының, бөлімдер арасындағы өзара әрекеттестіктің және компания миссиясымен байланысының артқанын көрсетті.
Байқаудың қазылар алқасы жобаның практикалық маңызын және оның корпоративтік мәдениетке ықпалын ерекше атап өтті: «Бұл – ғылымды әр адам үшін шынайы әрі түсінікті ететін науқан. Ол практикалық тұрғыдан тиімді, жақсы ұйымдастырылған және қызметкерлердің өз мақсаттарын түсінуіне айтарлықтай әсер етеді».
Соңғы жарты жылда AstraZeneca Қазақстан HR саласындағы бірқатар беделді халықаралық марапатқа ие болды, олардың қатарында Stevie Awards, Brilliance Award және Top Employer бар. Осылайша, компания Қазақстанды халықаралық деңгейде дамыған корпоративтік мәдениеті бар ел ретінде танытып, елде әзірленіп, іске асырылған HR-бастамалардың әлемдік үздік тәжірибелерге толық сәйкес келетінін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
AstraZeneca компаниясы туралы
AstraZeneca – онкология, кардиология, нефрология және метаболизм бұзылыстары, респираторлық және аутоиммундық аурулар, сондай-ақ сирек кездесетін аурулар сияқты негізгі терапиялық бағыттар бойынша рецептпен берілетін дәрілік препараттарды зерттеу, әзірлеу және нарыққа шығару саласына бағытталған халықаралық инновациялық биофармацевтикалық компания. Бас кеңсесі Кембриджде (Ұлыбритания) орналасқан AstraZeneca компаниясы әлемнің 100-ден астам елінде ұсынылған, ал оның инновациялық препараттарын бүкіл әлем бойынша миллиондаған пациенттер қолданады.
[xfvalue_img]
