2025 жылы скамерлер қазақстандық жобаларға инвестиция салу тақырыбын пайдаланып, пайдаланушыларды алдаған
«Касперский зертханасының» сарапшылары 2025 жылы ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да белсенді қолданылған алаяқтық схеманы анықтады. Зиянкестер пайдаланушыларды қазақстандық жобаларға инвестиция құйып, жоғары табыс табуға болады деген уәдемен арбаған.
Мұндай хаттарда алаяқтар, әдетте, ауқымды жобаларға қаражат салып, тұрақты әрі қашықтан табыс табуды ұсынады. Бұл – пошталық скамның ең кең таралған әрі түрлендірілген нқұсқасының бірі. Мысалы, мұндай хабарламалар Google Docs, YouTube және Google Формалар сияқты сервистер арқылы таратылуы мүмкін. Сонымен қатар, скам-хаттарда алаяқтық сілтемелер әртүрлі жерде орналасады: мәтіннің ішінде де, PDF, DOC, PPTX, PNG форматындағы тіркелген файлдарда да болуы ықтимал. Сілтеме арқылы өткен құрбан жалған сайтқа тап болады, онда одан телефон нөмірі сұралады. Бұл деректерді алған соң, алаяқтар пайдаланушыға қоңырау шалып, шын мәнінде жоқ жобаға инвестиция салуды ұсынып, әлеуметтік инженерия тәсілдерін белсенді қолданады.
Атаулы схема арқылы алаяқтар әлеуетті жәбірленушілерді қызықтыру үшін ірі қазақстандық өндірістік компаниялардың атауларын алға тартқан.
«Белгілі компаниялардың атауын атап, инвестиция тақырыбында жасалатын скам-таратылым спамерлер арасында кеңінен таралған. Олар көп адамның бұл сала туралы терең білмейтініне сенім артады, сондықтан тез әрі оңай табыс табу туралы уәделер сенімді болып көрінуі мүмкін. Алаяқтық схемалар үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады. Дегенмен пайдаланушылар үшін ең маңыздысы – сыни ойлау қабілетін сақтау және тым тартымды немесе, керісінше, үрей туғызатын хабарламаларға эмоциямен жауап бермеу. Сондай-ақ киберқауіпсіздік туралы білімді үнемі арттырып отыру қажет», — дейді «Касперский зертханасының» спам-аналитигі Анна Лазаричева.
«Қандай да бір сайтта тіркелу немесе төлем деректерін енгізбес бұрын, мекенжай жолағындағы сайт атауын мұқият тексеріңіз — артық немесе сәйкес келмейтін әріптер мен сөздер жоқ па, соған назар аударыңыз. Сондай-ақ барлық құрылғыларда тиімділігі тәуілсіз сынақтармен дәлелденген сенімді қорғаныс шешімін пайдалануды ұсынамыз», — деп ескертеді «Касперский зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Валерий Зубанов.
[xfvalue_img]
