Өзін-өзі қорғау сабағы чемпионмен — СҚО полицейлері әйелдерге арналған жаттығу өткізді

Өзін-өзі қорғау сабағы чемпионмен — СҚО полицейлері әйелдерге арналған жаттығу өткізді

Петропавлда полицейлердің бастамасымен өзін-өзі қорғау бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Сабаққа колледждердің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ СҚО-дағы «Ассамблея Жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — қыз-келіншектердің заңды құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру дағдыларын және психологиялық дайындығын қалыптастыру.

Мастер-класс Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында өтті. Оған СҚО ПД арнайы жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері және Кёкушинкай каратэ облыстық филиалының споршылары қатысты.

Кездесудің басты қонағы — биыл СҚО полициясында қызметін бастаған әлем чемпионы Наталья Богданова. Қатысушылар оның өзін-өзі сенімділікке тәрбиелеу, зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету негіздері туралы айтқан тәжірибесін зор қызығушылықпен тыңдады.

Іс-шараны ұйымдастыруға СҚО әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Петропавл қаласы әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің Отбасыны қолдау орталығы мамандары атсалысты.

Мастер-класс 25 қарашада басталған «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн бойы белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында өткізілді. Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әйелдерге олардың құқықтары мен отбасыдағы қылмыстық әрекеттерден қорғану тәсілдерін түсіндіру бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыруда. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының аясында атқарылып жатқан бұл жұмыс әрбір отбасыда тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    MarcosAtorp 10 декабря 2025 19:14

    <a href=https://t.me/Azino777_registratiya>azino777 официальный сайт мобильная версия зеркало рабочее на сегодня</a> Готовы к порции адреналина и ярких эмоций? Azino777 ждет вас! Попробуйте свою удачу на множестве игровых автоматов, ощутите азарт настольных игр и получите незабываемые впечатления. Azino777 – ваш билет в мир захватывающих приключений!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.