СҚО полицейлері «Anti-fraud» арқылы 35 млн теңгеден аса қаржыны қайтарды

СҚО полицейлері «Anti-fraud» арқылы 35 млн теңгеден аса қаржыны қайтарды

https://www.youtube.com/shorts/jxzT4CKWGrw?feature=share

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері аудан орталықтарына барып, халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті полицейлерге интернет-алаяқтықты анықтау және жолын кесудің заманауи әдістерін үйретіп жатыр.

Аудандық бөлімшелерге ҚР ІІМ-нің «Anti-fraud-орталық» және «Кибернадзор» базалары орнатылуда. Мамандардың айтуынша, «Anti-fraud» жүйесі алаяқтардың қысымымен жасалатын ақша аударымдарын жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Ең бастысы — дер кезінде полицияға жүгіну. Енді аудандық қызметкерлер ақпаратты облыс орталығына жібермей-ақ, бұғаттауды өздері орындайды. Бұл — маңызды минуттарды үнемдейді. Жыл басынан бері осы жүйенің көмегімен СҚО-да кибералаяқтардың құрбандарына 35 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.

«Кибернадзор» — интернеттегі жалған жарнамаларды және өзге де құқыққа қайшы контентті бұғаттауға арналған жүйе. Қаңтардан бері СҚО полицейлері 3670 сілтемені бұғаттады. Енді бұл жұмысты аудандық бөлімшелердің қызметкерлері де атқара алады — «киберпол» мамандары оларды қажетті дағдыларға үйретуде.

Халықпен өткізілетін кездесулерде полицейлер кең тараған алаяқтық схемалары және өзге де киберқауіптер туралы түсіндіреді. Соңғы уақытта дропперлерден бөлек, алаяқтар «активаторларды» да тарта бастаған: олар — мессенджердегі әлеуетті жәбірленушілермен хат алмасу үшін өз WhatsApp нөмірін қылмыскерлерге беретін адамдар. Полицейлер мұндай әрекеттер қылмысқа сыбайлас болу екенін және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

«Киберпол» қызметкерлерінің жұмысы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының талаптарына сай жүргізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықпен күресте заманауи техникалық құралдарды кеңінен енгізуге бағытталған.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Daryl Бүгін, 02:34

    Die Plattform bietet mehrere Varianten dieses Klassikers – darunter europäisches, französisches und
    amerikanisches Roulette. Viele Slots verfügen über Megaways-Mechaniken, Multiplikatoren, Freispiele
    und Gamble-Features, die das Spielerlebnis spannend und lohnenswert
    machen. Spieler haben Zugriff auf verschiedene Tools zur Selbstkontrolle sowie auf Hilfsangebote
    für problematisches Spielverhalten. Nach dem Absenden erhalten Sie eine Bestätigungs-E-Mail, mit der Sie Ihr
    Konto aktivieren. Typischerweise umfasst dieser Bonus einen höheren Match-Prozentsatz oder
    exklusive Freispiele für ausgewählte Spiele. Für Spieler, die gerne groß einsteigen, bietet das NV Casino einen speziellen High Roller
    Bonus. Das System ist besonders fair, da keine
    komplizierten Bedingungen erfüllt werden müssen, um den Cashback zu
    erhalten.
    NV casino ist ein führendes Online-Casino, das für seine
    breite Palette an Spielen, hervorragenden Kundenservice und benutzerfreundliche Oberfläche bekannt ist.
    Das Design und die Benutzererfahrung von NV casino sind erstklassig.
    Erleben Sie die Spannung mit unserem wöchentlichen Cashback-Angebot, bei dem Sie einen Teil Ihrer
    Einsätze zurückerhalten können, um Ihr Spielvergnügen zu verlängern.

    References:
    https://online-spielhallen.de/cashback-casino-2025-top-angebote-beste-anbieter/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.