Қазақстанда техникалық мамандықтарда оқитын студент қыздарға арналған Tañdauym шәкіртақылық бағдарламасы басталды

Қазақстанда техникалық мамандықтарда оқитын студент қыздарға арналған Tañdauym шәкіртақылық бағдарламасы басталды

Coca-Cola İçecek Kazakhstan (CCI) компаниясы Орталық Азияның Еуразия Қорымен (ОАЕҚ) бірлесіп, техникалық мамандықтардың жоғары курс студент қыздарының әлеуетін дамытуға және инженерлік пен өндірістік салаларда кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге бағытталған ұзақтығы алты айлық Tañdauym стипендиялық бағдарламасын іске қосты.

Бағдарлама болашақ мамандықтарда өзін дамытуды көздейтін қыздарға арналған. Tañdauym жас қыздардың өзіне деген сенімділікті арттыруға, кәсіби құзіреттерін дамытуға және техникалық-инженерлік бағыттарда табысты бастау үшін қажетті практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Бұл бастама мемлекеттік саясатпен де үндес: 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланған. Бұл білікті кадрлар даярлау мен техникалық мамандықтардың беделін арттырудың маңызын көрсетеді.

Ranking.kz зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда әйелдердің STEM бағыттарына көптеп түсуі мен олардың кейінгі жұмысқа орналасуы арасында айырмашылық бар. Математика және статистика мамандықтары бойынша студенттердің 61,7%-ы – әйелдер, физика-химия бағыттарында да студенттердің төрттен үші – әйелдер. Алайда, оқу аяқталған соң олар инженерлік және өндірістік салаларда сирек жұмыс істейді. Негізгі себептердің қатарында тəжірибелі үлгі тұтарлық мамандардың аздығы, менторлық пен практикалық мүмкіндіктердің жеткіліксіздігі, сондай-ақ өз күшіне деген сенімнің төмендігі аталады.

CCI Kazakhstan осы зерттеу нәтижелерінен кейін қыздарға бұл кедергілерді жеңуге көмектесетін арнайы бағдарламаның қажеттілігін анықтап, Tañdauym бастамасын әзірледі. 

Қатысушыларды іріктеу екі кезеңде өтті: сауалнама толтыру және симуляциялық ойын. Нәтижесінде Алматыдағы 6 университеттен 30 финалист таңдалды. Жарты жыл ішінде қыздар тәжірибелі менторлармен жұмыс істейді, тренингтерге қатысады, өндіріс орындарына стади-визиттер жасайды және кәсіби әрі техникалық дағдыларын дамытуға арналған білім беру гранттарына ие болады.

Tañdauym аясында жеке менторлық қолдау, көшбасшылық және коммуникация бойынша тренингтер, soft skills дамыту, сондай-ақ қатысушылар шынайы өндірістік ортамен танысуға мүмкіндік алатын өндіріс орындарында тағылымдамадан өту қарастырылған.

«CCI Қазақстанда біз бизнесіміздің барлық бағыттарында гендерлік теңдікке айрықша назар аударамыз. Қазақстанда 3 зауытымыз бар және техникалық әлеуетімізді осы саладағы таланттарды тарту мен дамытуға пайдалануға тырысамыз. Tañdauym  бағдарламасы арқылы  біз жас қыздарды техникалық кәсіптерді батыл таңдауға және осы бағытта мансап құруға  шабыттандыра аламыз деп сенеміз», – деді Coca-Cola İçecek компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы корпоративтік коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі директоры Әлима Исімбаева.

«Tañdauym  ұсынатын мүмкіндіктер қыздардың кәсіби дағдыларын дамытумен бірге бір-бірін қолдайтын, болашақта ел экономикасының дамуына үлес қосуға дайын пікірлестер қауымдастығын қалыптастыруға көмектесетініне сенеміз», – деп атап өтті Орталық Азияның Еуразия Қорының бағдарламалар менеджері Ақмарал Қарлыбаева.

_________________________________________________

Coca-Cola Içecek компаниясы туралы:

CCI – Anadolu Group құрамына кіретін халықаралық сусын өндіруші түрік компаниясы. Компания Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түркменстан және Сирияда  жұмыс істейді. CCI The Coca-Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіреді, таратады және сатады, сондай-ақ Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirket) еншілес компаниясы арқылы концентратталған жеміс шырынын шығарады.

CCI құрамында 10 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, компания 12 елде 3 жеміс өңдеу зауыты мен 34 құю зауытын басқарады, 600 миллионнан астам адамға өнімдерін ұсынады. Газдалған сусындармен қатар өнімдер портфеліне шырындар, су, спорттық және энергетикалық сусындар, салқын шай мен кофе кіреді.

CCI акциялары Borsa Istanbul (BIST) қор биржасында «CCOLA.IS» символымен саудаланады.

CCI ағымдағы сандық көрсеткіштері:

12 ел, 10 мың+ қызметкер, 36 құю зауыты, 3 жеміс өңдеу зауыты, ~1,2 миллион сату орны, 600 миллион+ тұтынушы, 25+ бренд.

Орталық Азияның Еуразия Қоры туралы:

КҚ «Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) – Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйым. Қор осал топтарды қолдау, ҮЕҰ әлеуетін арттыру, білім беру және жастарды қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобарларды іске асырады.

Қор адамдарға экономикалық тұрақтылыққа жетуге және азаматтық белсенділікке қатысуға қажетті білім, ресурстар мен құралдарды ұсынады. Сонымен қатар, корпоративтік сектормен белсенді ынтымақтастық орнатып, ESG басымдықтарына сәйкес тұрақты жобаларды іске асырады және бизнесті сенімді жергілікті серіктестермен біріктіреді.

ОАЕҚ бойынша толық ақпаратты: https://ef-ca.kz/ сайтынан оқыңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    JasonAttal 26 ноября 2025 08:19

    WebValley Studio — веб-студия дизайна, разработки и продвижения сайтов. Исследуем рынок, отрисовываем дизайн и создаем сайты с конверсией до 40%

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.