Ауыз сумен қамту – халықты әлеуметтік қолдаудың басым бағыты

Ауыз сумен қамту – халықты әлеуметтік қолдаудың басым бағыты

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков елімізде су саласындағы негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Су кодексі қабылданды. Кодекстің негізгі қағидаттарының бірі халықтың ауыз суға әділ және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуді бірінші кезекте жүзеге асыру болып табылады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес республика бойынша халықты 100% ауыз сумен қамту мақсатында су жүйелерін салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек, мемлекет тарапынан халыққа ауыз судың құнын арзандату бағытында да қолдау шаралары қабылдануда. Су кодексіне сәйкес су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлерінің бірі ауыз судың құнын субсидиялау.

Министрлік тарапынан ауыз судың құнын субсидиялау тетігін іске асыру бойынша барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді. Атап айтқанда, субсидиялау қағидалары, бір текше метр ауыз су үшін төлем мөлшерін есептеу әдістемесі және елді мекендердің су жүйелерін субсидияланатын тізімге енгізу критерийлері қабылданды.

Төрағаның айтуынша, еліміздің өңірлеріндегі су тарифтері әртүрлі және ең алдымен су көзінің түріне, қашықтығына, желілердің ұзындығына және көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты. Дегенмен, кейбір өңірлерде тарифтер халық үшін тым жоғары деңгейде қалып отыр.

Мәселен, Қостанай облысында топтық су таратқыштар арқылы ауыл тұрғындарын сумен қамтудың ұзындығы шамамен 1 000 км құрайды. Бір ауданның екі көршілес ауылында су тарифтері әртүрлі болуы мүмкін: субсидияланатын тізімге енгізілген ауыл тұрғындары 1 текше метр су үшін 100 теңге төлесе, тізімге енбеген ауыл тұрғындары толық тариф бойынша төлейді.

Қабылданған жаңа нормалар өңірлерде тұрғындар төлейтін су бағасын орташа деңгейге теңестіруге мүмкіндік береді.

Әдістемеге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар су тарифтерін өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай өздері реттей алады. Қазіргі таңда әкімдіктер халық үшін төлем мөлшерін айқындау жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек жаңа ережелерге сәйкес, бір адамға тәулігіне 140 литр (айына 4,2 текше метр) су тұтыну нормасы белгіленген. Егер бұл көрсеткіштен асып кетсе, тұтынушы артық көлем үшін 30% жоғары мөлшерлемемен төлейді. Бұл тәсіл әлеуметтік қолдаудың мақсаттығын арттыру және су ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылған. Бір адамға тәулігіне 140 литрлік норматив базалық тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткілікті деп есептеледі.

Қабылданған шаралар елімізде ауыз суға тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.