Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді elicense.kz порталында онлайн ресімдеуге болады

Отандық шикізатты экспорттауға лицензияны енді elicense.kz порталында онлайн ресімдеуге болады

elicense.kz порталында заңды тұлғаларға арналған отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия алуға арналған жаңа қызмет іске қосылды. Қызмет автоматтандырылған және кәсіпкерлерге өтінімді толығымен онлайн режимде беруге мүмкіндік береді.  

Лицензияны ресімдеу – Қазақстан аумағында өндірілген белгілі бір санаттағы шикізатты заңды түрде экспорттаудың міндетті шарты болып табылады. Бұл жаңалық өтінім беруді және оның орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді.

Қызметті пайдалану үшін:

  • kz порталында авторизациядан өту қажет;
  • «Тауарлардың импорты, экспорты» бөліміне өтіп, «Отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген өнімдерді экспорттауға лицензия беру» қызметін таңдау керек;
  • электрондық өтінім формасын толтырып, қажетті құжаттарды тіркеу, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет;
  • өтінімді ЭЦҚ немесе QR-код арқылы қол қою арқылы растау керек.

Өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Дайын лицензия elicense.kz порталындағы жеке кабинетте «Рұқсаттар» бөлімінде көрсетіледі. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, негіздемесі бар ақпарат «Менің өтінімдерім» бөлімінде көрсетіледі. Қызмет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында заңды тұлғаларға қолжетімді.

Лицензия бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері – 10 АЕК. Төлем екінші деңгейдегі банк арқылы заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша салық органының шотына жүргізіледі. 

Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.