eGov Mobile қосымшасында әскери оқу орындарына қайта қабылдау қызметі іске қосылды

eGov Mobile қосымшасында әскери оқу орындарына қайта қабылдау қызметі іске қосылды

Енді әскери оқу орнына қайта қабылдануға өтінішті смартфон арқылы беруге болады. eGov Mobile мобильді қосымшасында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметі қолжетімді болды. Бұған дейін бұл қызмет eGov.kz порталында ұсынылатын.

Қызмет кемінде бір семестр білім алған әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттарына арналған. Өтініш цифрлық форматта қалыптастырылады, ал қажетті деректердің басым бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл процесті барынша оңай әрі ыңғайлы етеді. Алайда өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болатынын ескеру қажет. 

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өту қажет;
  • «Қызметтер» – «Әскери есепке алу» бөліміне өту керек;
  • «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметін таңдау қажет;
  • оқу орны мен оқудан шығарылған мерзім туралы ақпаратты көрсету;
  • жеке деректерді өңдеуге келісім беру;
  • қажетті құжаттарды жүктеу керек;
  • ЭЦҚ немесе баламалы тәсілдер арқылы өтінішке қол қою қажет.

Қызмет тегін ұсынылады, көрсету мерзімі – 20 жұмыс күні. Өтінішті қарау нәтижесі «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады. Егер қайта қабылдануға мүмкіндік болмаса, қолданушы дәлелді бас тарту туралы жауап алады.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдану» қызметі eGov.kz порталында да қолжетімді. 

Жаңарту ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.