СҚО-да полицейлер әулетінің үлкені өмір жолымен бөлісті

СҚО-да полицейлер әулетінің үлкені өмір жолымен бөлісті

https://youtube.com/shorts/DyEC-7r5JTc?feature=share 

Құқықтық тәртіпті қорғау қызметінде Нұрғали Әмірұлы Асриев 25 жыл еңбек етті. Жас кезінде ішкі істер органдарына қызмет атқарамын деп еш ойламаған, 35 жыл жүргізуші болып жұмыс істеген әке ізін жалғамақ болған. Нұрғали СПТУ-ды тәмамдап, жүргізуші куәлігін алған, бірақ өмір жолын кездейсоқ жағдай өзгерткен. 

«1978 жылы біздің кеңшардан жеті адам әскерге шақырылып, мені Алматыдағы милицияның арнайы моторлы бөлімшесіне жіберді, — дейді Нұрғали Әмірұлы. — Ол кезде бүкіл Қазақстанда осындай тек екі бөлімше ғана болған. Мен 1980 жылы Олимпиада кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Мәскеуге жіберілген он жеті үздік жүргізушінің қатарында болдым». 

Ол фотоальбомын көрсетті. Картон беттерінде — Қызыл алаңда суретке түскен қазақстандық милиционерлері. Халықаралық ауқымдағы іс-шарада жұмыс істеу — үлкен жауапкершілікті  талап етті. Дәл осы іссапар кезінде Нұрғали құқықтық тәртіпті қорғау — оның өмірлік жолы екенін түсінді. 

Әскерден оралған соң, ол үйленіп, 1981 жылы ішкі істер органдарындағы қызметін бастады. Патрульдік-бекеттік қызметтен бастап, уақытша ұстау изоляторында, ғимараттарды күзету қызметінде жұмыс істеді. Мансап қуған жоқ — қажетті істі атқарды. Зейнетке старшина шенінде шықты. Қызметке деген көзқарасын балаларына да дарытты. 

«Қазір менің отбасымның басым бөлігі – құқық қорғау органдарында, күйеу балам да, келіндерім де қызмет етеді, — дейді Нұрғали Әмірұлы күлімсіреп. — Тіпті өмірлік серігім Саруар да техникалық қызметкер ретінде облыстық ІІД-нің жұмысына өз үлесін қосты. Біз бір ғимаратта жұмыс істедік. Балаларым менен ілгері озды: жоғары білім алып, қазір капитан, майор шенінде қызмет атқаруда». 

Нұрғали мен Саруар Асриевтердің төрт баласы мен он бір немересі бар. «Отбасым – менің бар байлығым», — дейді Нұрғали Әмірұлы мақтанышпен. Оның ең үлкен қуанышы — балалардың демалыс күндері бір дастархан басына жиналып, өмір жайлы әңгімелесіп, өткен күннің қызықты сәттерін еске алу. Нұрғалидың сүйікті гармошкасы әрдайым жанында, ал отбасылық «концерттерді» немерелері асыға күтеді. Немерелері қандай мамандықты таңдаса да, ең бастысы — отанды сүйіп, адал еңбек ету, бұл — полицейлер әулетінің негізін қалаушысының басты өсиеті. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.