Әйел – ел тірегі: Қарағандыда «AMANAT» партиясының «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті

Әйел – ел тірегі: Қарағандыда «AMANAT» партиясының «Еңбегі жанған арулар» форумы өтті

Қарағанды қаласында өткен «Еңбегі жанған арулар» форумында жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін арттыру, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің мемлекет пен қоғам өміріндегі рөлін нығайту мәселелері талқыланды. Ауқымды іс-шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 600-ге жуық әйел қатысты. Олардың қатарында металлургтер, шаруалар, құрылысшылар, ТКШ және әлеуметтік сала қызметкерлері бар. Олар күн сайын еңбегімен ел экономикасына үлес қосып, отбасылық әл-ауқат үшін тер төгіп жүрген жандар.

Экономиканың нақты секторында еңбек етіп жүрген әйелдер – еңбекке негізделген, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік жауапкершілікке құрылған Әділетті Қазақстанның ажырамас бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, әйелдердің табанды да тиімді еңбегі еліміздің әлеуеті мен абыройын нығайта түсуде. Осыған орай, Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «AMANAT» партиясы еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға бағытталған осындай форумдарды жүйелі түрде өткізуде.

Партия Хатшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, бүгінгі күні әйелдер тек қоғамдық өмірге қатысып қана қоймай, ел болашағын белсенді түрде қалыптастырып жатыр. Олар басшылық қызметтерге келіп, қоғамды жақсы жаққа өзгертетін бастамаларды ілгерілетуде.

«Президенттің саяси және әлеуметтік реформалары әйелдер мен балалардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, көпбалалы аналарды қолдау жөніндегі ұлттық модельді қалыптастырды. Әйелдердің басқарушылық қызметін кеңейтті. Нәтижесінде нәзік жанды азаматтар егіс даласында да, өндірісте де, мемлекеттік қызмет пен бизнесте де табысты еңбек етуде. «AMANAT» партиясы құрамында 500 мыңға жуық әйел бар. Біз олардың мүддесін жүйелі түрде қорғап, отбасылық құндылықтарды сақтауға күш салып келеміз. Басты мақсатымыз – инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдікті қалыптастыру. Яғни, жалақы мен лауазым біліктілікке байланысты берілуге тиіс», – деді Ержан Жылқыбаев.

Сондай-ақ, ол форумды ұйымдастыруға мұрындық болған партияның Әйелдер қанаты өз жұмысын табысты жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Соңғы екі жылда 20 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздерін меңгерсе, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері арасындағы әйелдердің үлесі 30 пайыздан асты. Ал ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың үштен бірі – нәзік жандар. Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасының түлектерінің 58 пайызы – көпбалалы аналар.

Бұдан бөлек, Әйелдер қанатының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі бастамалары арнайы заң қабылдауға негіз болды. Соның нәтижесінде зорлық-зомбылық туралы шағымдар саны үштен бірге азайды. Бүгінде елімізде 69 дағдарыс орталығы мен баспана жұмыс істеп тұр.

Президенттің Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында елде ана мен балаға арналған жағдайлар біртіндеп жақсарып келеді. Атап айтқанда, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жылға дейін ұлғайтылды, көпбалалы аналарға арналған жәрдемақылар көбейтілді. Әлеуметтік осал топтағы 100 мыңнан астам бала балабақшада тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» ерікті жинақтау бағдарламасы –сәтті жүзеге асуда.

Форумда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков сөз сөйлеп, өңір экономикасындағы әйелдердің үлесіне тоқталды. Оның айтуынша, облыста шағын және орта бизнесте 122 мың әйел еңбек етеді.

«Мемлекеттік қызметте – 2,8 мың, ІТ саласында – 11,3 мың, энергетикада – 3,7 мың, саудада – 9 мың әйел жұмыс істейді. Бұл – өңірдегі нәзік жандардың ел дамуына қосып жатқан нақты үлесінің көрінісі. Әсіресе, өнеркәсіп саласында 24 мыңнан астам әйел басшылық қызмет атқарып жүр. Бұл олардың кәсіби әлеуетінің артқанын білдіреді», – деді ол.

Форумның жарқын сәттерінің бірі – ерекше еңбек жолымен көзге түскен әйелдердің марапатталуы болды. Олардың қатарында – темір ұстасы (токарь), «Құрмет» орденінің иегері Звейра Садықова, фермер Арайлым Байдашова, кран машинисі Бақыт Жүнісова, Теміртаудағы етікшілер әулетінің мұрагері Марина Машковская, құс өсіруші Жанар Сарбоқова және тағы басқалар бар. Барлығы алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Менің кран жүргізетінімді естігенде, адамдар таңғалады. Бірақ мен үшін бұл – мақтанышпен атқаратын мамандық. Қазіргі таңда әйелдер кез келген саланы таңдап, стереотиптерге қарамастан мойындалуға мүмкіндігі бар екеніне қуаныштымын», – деді Бақыт Жүнісова.

Форум аясында қатысушылар қаржылық сауаттылық, психология және тұлғалық даму бойынша тренингтерден өтті, әйелдер денсаулығы мен кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ партиялық бірлікті нығайтудың белгісі ретінде жұмысшы мамандықтағы жаңа партия мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билет табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар үшін ерекше сый – жергілікті студенттердің шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Болашақ визажистер мен стилистер ауыр еңбекпен айналысатын әйелдерге тегін макияж жасап, шаш үлгісін келтірді. Бұл – жұмысшы әйелдің еңбегімен қатар, сұлулығы мен өз-өзіне деген сеніміне де лайық екенінің көрінісі.

«Еңбегі жанған арулар» форумы – еңбекші әйелдердің жұмысын мойындаудың ғана емес, олардың кәсіби және адами қадір-қасиетін бағалай білетін Әділетті Қазақстанның нақты үлгісі. Осылайша, «AMANAT» партиясы еңбек адамдарына, әсіресе әйелдерге, өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға арналған шынайы алаң ұсынды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    StellaHolt 9 июня 2025 13:45

    qaz.infozakon.kz, Love this content—wanted to add something that could benefit your readers.

    I recently visited your website and was really impressed—it looks built with care. That’s why I wanted to share something that could really help your site perform even better.

    If you offer services online, this might really help.

    We recently launched a super simple, highly effective chatbot for website that’s designed to handle sales conversations—all on autopilot!

    It’s built as a lightweight, plug-and-play website chatbot tool, and it takes just minutes to add it to your site—no tech knowledge needed.

    We currently offer a full collection of smart chatbots, including:

    - Smart LeadBot
    - Online shop chatbot
    - Chatbot for travel websites
    - Real Estate chatbot
    - Chatbot for global visitors
    - Medical chatbot
    - Course and learning chatbot
    - WhatsApp and Messenger chatbot
    - Specialized chatbot solutions

    It works as:

    A email capture chatbot

    A chatbot for customer service

    A sales chatbot

    A WhatsApp chatbot

    You can test it live on our blog:

    https://chatbotforleads.blogspot.com/

    Many website owners worldwide are already using 2 to 4 bots across all their websites—installing them in under 3 minutes to boost leads, automate service, and increase sales with zero effort.

    We’ve spent nearly 30 years in training small businesses, and this is by far the most practical tool we’ve created to help others grow.

    If you want to grow your small business online, this HTML chatbot code could be the easiest way to start.

    Feel free to check it out!

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.