Балалардың терезеден құлауы: Астана полициясы балалар қауіпсіздігін еске салады
Елордада жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың терезеден құлауының 8 оқиғасы тіркеліп, оның үшеуі адам өлімімен аяқталды.
Осылайша, 8 сәуірде 102 арнасына 15-қабаттан құлап кеткен кішкентай баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға кезінде баланың ас үйде ересектердің қарауынсыз болғаны анықталды. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Бұған дейін 27 наурызда 3 жасар баланың екінші қабаттың балконынан құлап кеткені туралы ақпарат түскен болатын. Анасы балаларын жалғыз қалдырып, аз уақытқа пәтерден шықты. Баланы көршілері шақырған жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызды.
Бұл оқиғалардың негізгі себебі - ересектердің жеткіліксіз қадағалауы, сондай-ақ пәтерде кішкентай балалар болған кезде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау.
Полицейлер ата-аналар мен заңды өкілдерінің назарын келесі сақтық шараларын сақтау қажеттілігіне аударады:
- Балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыз;
- Балалардың терезе жанында және терезе бетінде ойнауына жол бермеу;
- Москит торларына сенбеңіз - олар қорғаныс тосқауылы емес және құлаудың алдын алуға арналмаған;
- Терезелерге арнайы блокаторларды орнатыңыз;
- Балаларды ашық терезелер мен балкондардың жанында болу қауіптілігі туралы үнемі хабардар ету.
Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]