Көлік салығын төлемеген автокөлік иелерінің көліктерін алып қою жағдайына тап болу қаупі бар » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Көлік салығын төлемеген автокөлік иелерінің көліктерін алып қою жағдайына тап болу қаупі бар

Көлік салығын төлемеген автокөлік иелерінің көліктерін алып қою жағдайына тап болу қаупі бар

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген автокөлік иелерінің машиналарын алып қою жағайына тап болу қаупі бар екенін ескертеді. МКД мұндай шаралар қандай жағдайларда қолданылатынын және оларды қалай болдырмау керектігін хабарлайды.

Көлік салығы Қазақстандағы көлік құралдарының иелері үшін мемлекеттік бюджетке міндетті жыл сайынғы төлем болып табылады.

Тек белгілі бір санаттағы адамдар ғана салықтан босатылады, ал бұл міндеттемені елемейтін автокөлік иелері ықпал ету шараларына тап болу қаупі бар: өсімпұлдан мүлікті алып қоюға дейін.

Жолдарда полиция мен сот орындаушыларының қатысуымен "қарызды" салық төлеушілерді ұстау үшін рейдтер жүргізілетін болады.

1 АЕК-тен жоғары берешек сомасы бойынша салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары жіберілетін болады.

Берешек табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда, салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындауға беріледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік шоттар мен мүлікке тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Оның ішінде 40 АЕК-тен берешегі бар болса, азаматқа ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.

Бұдан басқа, мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті органдармен (полиция департаменті және ТЖК өңірлік палатасымен) бірлесіп көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға қатысты іс-шаралар жүргізетін болады.

ҚР-дан шығуға тыйым салу туралы ақпаратты сілтеме бойынша өту арқылы білуге болатындығын қосымша хабарлаймыз https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors.

Алдағы жазғы демалыс және демалыс маусымы кезеңінде жағымсыз салдардың алдын алу үшін Департамент салықтар бойынша берешек болған жағдайда берешекті өтеуді ұсынады. Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасына енгізуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, көлік салығының мөлшері автомобиль қозғалтқышының көлеміне байланысты. Бұл соманы көлік құралының техникалық параметрлері негізінде дербес есептеуге болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.