Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның Алматыға сапармен келгеніне ризашылық білдіріп, мұндай бейресми кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын айтты.

– Бұл – бауырлас, достас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмысты іскерлік сипатта тағы бір талқылауға орайлы сәт. Біз – одақтас елдерміз. Екі ел арасындағы ықпалдастық тұтас Орталық Азия өңіріндегі жағдайға тікелей әсер етеді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бауырлас халықтарды жақындастыруға, аймақтың орнықты және қауіпсіз дамуындағы ортақ мақсаттарды ілгерілетуге Шавкат Мирзиёевтің зор үлес қосқанын атап өтті.

– Қазақстандықтар Сізді жақсы таниды және аса құрметтейді. Сіздің мықты әрі абыройлы көшбасшылығыңыздың арқасында Өзбекстан қарқынды дамып келеді. Өткен жылы өзбек экономикасының өсімі 6 пайыздан асқанын білеміз. Экономиканың барлық секторындағы мақсатты көрсеткіштер жоспарға сай атқарылып жатыр. Өзбекстан неғұрлым табысты дамыған сайын, біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық та соғұрлым сапалы болады. Сондықтан бүгінгі кездесуде нақты мәселелер бойынша пікір алмасамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті екіжақты байланыстарды нығайтуды көздейтін бүгінгі кездесудің маңызына тоқталды.

– Мені өзіңіздің туған жеріңіз, атап айтқанда, Алматы қаласында достық пейілмен, екі халықтың дәстүріне сай ілтипатпен қарсы алып жатқаныңызға рақмет. Өзімнің және халқымның атынан ризашылығымды білдіремін. Соңғы жылдары қарым-қатынасымыз мүлдем жаңа деңгейге көтерілді. Біз – одақтаспыз. Өзара сыйластығымыздың арқасында көптеген мәселе шешімін тауып келеді, екеуара уағдаластықтардың барлығы іске асырылып жатыр. Нақты нәтижелер бар. Сізді Қазақстанның зор табыстарға жетуімен құттықтаймын. Экономикаларыңыз дамып келеді, жетістіктеріңіз жоғары. Бірінші тоқсанды 5,4 пайызбен қорытындылап отырсыздар. Бүгінгі кездесуіміздің сипаты ресми болмаса да, мен үлкен құраммен келдім. Дегенмен әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, энергетикалық, су шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы және туризм салаларындағы өзара ықпалдастықтың перспективасын жан-жақты талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.

Кездесу соңында президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.