СҚО-да 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйел-полицейлер арасында үздік мергендер анықталды » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
СҚО-да 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйел-полицейлер арасында үздік мергендер анықталды

СҚО-да 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйел-полицейлер арасында үздік мергендер анықталды

https://youtu.be/QkE1Dyiuozw

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Макаров тапаншасынан оқ атудан жарыс өтті. Оған ПД аппаратынан, Петропавл қаласы полиция басқармасынан және аудандық полиция бөлімдерінен 50-ге тарта әйел қызметкері қатысты.

Атыс шебі алдында жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер, кинологтар, әкімшілік блоктың, ювеналдық полицияның және басқа да бөліністерде қызмет атқарып жүрген аруларға ер азаматтар гүл сыйлады. СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Орал Хамзин және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Содан кейін қатысушылар қатаң нұсқаулықтан өтіп, 15 метр қашықтықтан тапаншаны екі қолмен ұстап атуға кірісті. Нәтижесінде Қызылжар ауданының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Ақмарал Құдайбергенова (45 ұпай) үздік атанды. Екінші орынды СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы Екатерина Нұралина (44 ұпай) иеленді. Үшінші орынға Петропавл қ. полиция басқармасының технигі Жұлдыз Оразбаева тұрақтады (42 ұпай). Жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/sqo-da-8-nauryz-merekesi-qarsangynda-politsej-ajelder-arasynda-uzdik-mergender-anyqtaldy/

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.