«Дропперлерден» заңсыз иеленген қаражаттар өндірілді

«Дропперлерден» заңсыз иеленген қаражаттар өндірілді

Қазіргі уақытта қылмыскерлердің «дропперлерді» қылмыстық мақсатта пайдаланатын алаяқтық фактілері жиіледі.

Негізгі схемаларға «дропперлер» заңсыз жолмен алынған ақшаны алаяқтарға өз шоттары арқылы аударады немесе банк карталарын береді, осылайша нағыз қылмыскерлердің іздері жасырылады.

Прокуратураның үйлестіруімен полиция органдары жәбірленушілерге Азаматтық кодекстің 953-бабына сәйкес «дропперлерден» негізсіз баюға байланысты алынған ақша қаражатын өндіріп алу механизмін түсіндіруде.

Мысалы, алаяқтар алдау арқылы жәбірленушінің 3,6 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.

Оның 1,6 млн теңге сомасындағы бір бөлігі «дроппердің» шотына аударылғаны анықталды.

 Жәбірленуші Азаматтық кодекстің 953-бабы тәртібінде негізсіз байлықты "дропперден" өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сот қарауының нәтижесі бойынша жәбірленушінің талап-арызы қанағаттандырылды.

Елордада өткен жылы сот 54,7 млн теңге сомасына 10 талап-арызды қанағаттандырды.

Ағымдағы жылы сот 22,3 млн теңге сомасына 6 талап-арызды қанағаттандырды.

«Дропперлердің» алаяқтыққа қатысы бар екені анықталса, олар сыбайлас ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады. 

Қала прокуратурасы азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады.

Осы фактілер бойынша талап қою тәртібі туралы ақпарат алу үшін полицияға немесе прокуратураға хабарласуды ұсынамыз.

#Заң_мен_Тәртіп

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.