Ауған соғысының ардагерлері Ерлік сабағында болашақ полицейлермен кездесті » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Ауған соғысының ардагерлері Ерлік сабағында болашақ полицейлермен кездесті

Ауған соғысының ардагерлері Ерлік сабағында болашақ полицейлермен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған Ерлік сабағы өтті. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жас полицейлері, курсанттар, осындай кездесуге алғаш қатысқан Петропавлдағы IT-мектеп-лицейдің «Жас сақшы» сыныбының оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті.

Жастық шағында Ауған соғысының қатал сынақтарынан өткен отставкадағы полиция офицерлері іс-шараның қонақтары болды. Қызыл жұлдыз орденінің кавалері, отставкадағы полиция подполковнигі Давыд Шнайдер, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған отставкадағы полиция полковнигі Жайнақ Тұртаев және «Жауынгер- интернационалистке» медалінің иегері, отставкадағы полиция аға лейтенанты Василий Голенко қызмет туралы естеліктерімен, жауынгерлік бауырластық және әскерден кейінгі полициядағы күндерімен бөлісті.

Ардагерлер Ауғанстандағы қызметі туралы, соқтығысқан қиындықтары мен соғыста қаза болған жолдастары туралы айтты. Бұл әңгімелер ересектерді де, жасөспірімдерді де бей-жай қалдырмады. Қаза болғандардың құрметіне жағылған майшамдар мен бір минут үнсіздік, сондай-ақ сол соғысты толығырақ ашатын бейнематериалдар жас жүректерге терең әсер етті. Айта кету қажет, Ерлік сабағының сценарийін мұқият әзірлеген СҚО ПД музейінің қызметкерлері.

Жас тындаушылар соғыс кезеңінің заңдарына, тәртібіне, қызметке қатысты сұрақтарын қойды. Жастардың кездесуден түйгені – ауызбіршілік, татулық, бірлік. Ардагерлер де өз кезегінде жолдастық өзара көмектің маңыздылығына тоқталды.

Кездесуден кейін оқушылар курсанттармен әңгімелесті, олар ІІМ жоғары оқу орындарына түсу және оқудағы тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың көбісі қазірдің өзінде полицияда қызмет етуді армандайды және өзінің өмірін заң мен тәртіпті қорғауға арнаған полицейлер мен ардагерлердің ақыл-кеңестерін бойларына сіңіруге тырысады.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.